Мысалы,
бұзаубас жануартануда екі денотаттың атауы болып жұмсалады
екен. Біріншісі – “үлкендігі 5-6 см-дей, басы жалпақ алдыңғы аяқтарымен жер
қазатын, түсі сары қоңыр жәндік” болса, екіншісі – “теңіздерде, ащы суларда
тіршілік ететін, дене тұрқы 50 см-ден аспайтын, басы жалпақ балық” (ҚТТС, 2-т,
485-6.). Қашан да қоршаған ортадағы танылған заттар мен құбылыстарды төрт
түлікке, олардың төлдеріне, дене мүшелеріне, қорегіне байланыстыра қарайтын
қазақ халқы, бұл жерде, жаңа туған бұзаудың дене тұрқына қарағанда басының
үлкендігі ерекшелігін жәндік пен балық белгілерінің біріне сәйкестендіріп, әр
белгінің өзара ұқсастығын сиыр төлінің атауына қатыстырып атаған, яғни
ұғымда бар заттың архисемасы келесі заттың дифференциалаушы семасына
айналып, әрі ол актуалдана атаулық дәрежеге көшеді.
Екі лексемадан тұратын
дифференциалды сема референттер арасында алмаса отырып, бүтін таңба
тұрпатын қабылдауды керек етеді. Мұнда антропоцентризм бағыты көрінеді.
Сонымен қатар,
бұзаутіс қамшы, бұзаутіс тігіс мысалдарын қарастыруға
болады. Бұл екеуі де – БС сыңарлы бинарлы атау.
Бұзаутіс қамшы - жалпақ
таспадан 8-12-16 өрім етіп өрілген қамшы болса,
бұзаутіс тігіс –
инемен
әсемдеп тігудің бір түрі. Алғашқы сыңардың БС нәтижесіне жетуі әсемдікті,
біркелкілікті білдіру мақсатында, анологиялық құбылысты бір диффе-
ренциалаушы белгісі негізінде салғастыра қарап, сол семаның атаулық сипатта
бірігіп жұмсалуын қажет етуден шығады. Алайда
бұзаутіс гипероним сыңары
бұзаутіс қамшы, бұзаутіс тігіс гипер-гипонимдік атаудың мағынасын толық
беру мүмкіндігіне жеткен жоқ. Ал кішірек ақшыл қызғылт гүлді, сопақша
жапырақты, тырбиып өсетін дәрілік шөпті
аюқұлақ, тұмсығы қызыл, пішіні
балта тәрізді, шекесі ақ айдарлы, қоңыр құсты
балтатұмсық деп атау ұғымда
бар затқа ұқсату негізінде жасалғаны тілді қолданушыға түсінікті. Сондықтан
метонимия тәсілімен жасалған БС- дердің бұл
тобы экстралингвистикалық
мәнділікпен Д
2
К
1,
К
1
,Д
2
қатынаста тұрғанын көрсетеміз.
2-топ номинацияның екінші дәрежелі атау сипатынан шығады, ол –
тілдерде троптар (метафора, метонимия), аффиксация және синтаксистік
кұрылымдар арқылы жүзеге асырылады (97. 243). Диалектика заңы бойынша
ортадағы пайда болуы бар зат қозғалыста, өсу, кему, өзгеру, ауысу үстінде
болады. Сондықтан орыс лингвисі Ю.С.Степанов атауды түсіндіретін үштік
қатынастың дамуында сөздің варианты болып синоним (112. 14), мағынаның
варианты термин, ал зат немесе денотаттың варианты метафора болады дейді
(112. 15). Ал метафораның тілде таңбасы қалады. Сөйтіп, тілдік метафора
арнайы сөз болуды кажет етеді. Тілдік метафора зат пен құбылысқа берілген атау
өзінің негізін бастау тегінен (референтінен) үзбесе ғана пайда болады. “В
функции номинации метафорический перенос включается в том, что
отождествление с человеком становится основой для всех дальнейших
классификаций, и в далеко опосредованном виде этот признак доходит до таких
классификаций как грамматические роды и суффиксальные классы имен и
глаголов в индоевропейских языках” (112. 23).
Сонымен, ұғымдық, мағыналық абстракциялардың негізінде метафора
жатады. Ал олардың тілдегі қызметі затқа, құбылысқа,
адамға сипаттама
беруден басталса, нәтижесі сол құбылыс, я заттың атын атаумен аяқталады (119.
254).
Міне, осыдан келіп метафораның тілдік табиғатын, aтауыштық қызметін
зерттеу басталады. Сөйтіп, метафора атауыш сөздер қорын толтыратын кейінгі
атау (вторичная номинация) болып қалыптасады. Мұның өзі мағына өзгеруінің
логикалық түріне жатады (113. 251). “Основанием номинации в грамматике
служит сравнение внешнего мира с человеком, отождествление одних предметов
с человеком и отрицание этого тождества за другими предметами. Мы видим,
что в основе классифицирующей абстракции лежит метафора – уподобление
предметов человеку, который в этом случае выступает не как “отдельная”, а как
представитель человеческого рода — актишкш, действующее в мире и
преобразующее мир существо” (IІЯ 130). Метафора пайда болғанда сөздің
архисемасы көмескіленеді немесе ауыстырылады
да,
керісінше
дифференциалды
сема доминанттық сипат алып, ол жаңа атауға негіз болады.
“Метафорический перенос может быть интерпретирован как симметричное
отношение двух найменовании с заменой архисем” (120. 85).
Қазақ тіліндегі мағынасы дерексіз термин, атауын сөздердің біріккен түрі,
негізінен, метафора арқылы жасалған. Бұл қатар
ақсақал, ақсүйек, бойкүйез,
Достарыңызбен бөлісу: