“Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография авторлары: “егер
тірек компоненттің доминанттылығы (мағына үстемділігі) берік болса, күрделі
сан есім бөлек жазылуы қажет”, деген кұнды пікір айтады (28. 97).
Күрделі сан есімдердің тірек компоненті, әдетте олардың ондық, жүздік,
мындық бөлшектері болып келеді. Бір емес, бірнеше тіркесімділікте
қайталанатын
он, жиырма, отыз, қырық, жүз сөздерінің мағына үстемділігінің
болуы оның алғашқы сыңар болуында деп ойлаймыз. Әйтпесе күрделі атаудың
алғашқы сыңары бүтіннің мағынасын бере алатын болса, постпозициядағы
қайталана беретін сыңар дерексізденіп, стандарт тұлғадан аффиксоидталатынын
(аяққап, балақұмар), немесе эллипсиске ұшырайтынын
(қарақұйрық (тышқан),
бұзаутіс (қамшы)) білеміз. Мұнда, сөйтіп, санның ондық мәні де актуалданады,
әрі бірлік бөлшегі де маңызға ие болып тұрғандықтан, құрамы қатар көрсетіледі:
он бір, он екі, тоқсан бір, жүз екі, бір мың алты жүз қырық, бес. Бұл бағытта
Н.Оралбаеваның мына сөзін келтіруіміз жөн: “ондық атаулар ондық + бірлік
моделімен жасалады да, мағына компоненттердің мағынасының қосындысынан
тұрады. Ал жүздік атаулар бірлік жүздік моделімен жасалады да, мағына
компоненттердің мағынасының көбейтіндісінен туады”(160. 22). Бұл
– күрделі
сан есімдердің экстралинтвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
1
қатынаста тұрғанының
дәлелі. Мысалы,
он үш сөзі санның ондық бөлшегімен де, бірлік бөлшегімен де
тура байланыс жасай атайды. “Бірлік пен ондық аралас күрделі сандардың
бәрінде тірек компоненттің мағынасы сақталып, олардың мағыналастығын
туғызып отырады” (160. 42).
Күрделі сан есімдердің босаралықпен таңбалануының енді бір себебі
–
олардың иероглифтермен берілу тұрпатынан (11,12; I, V) туындайтын сияқты.
Мысалы, 11, 12, 13, 14, 109, 245 иероглифтерін дыбыстық жазуда белгілегенде,
олардың ондық, бірлік бөлшектерінің тұтас таңбаланып кетуі (
жиырмаүш,
қырықалты) таңбаның мазмұн межесін дәл бере алмайды, сөйтіп, жазу-көру
тілінің таңбалық сипаты айқын байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: