Органы цветковых растений


Бөліну аймағы түзуші ұлпа жасушаларынан тұрады,жасушалар үнемі тез көбейеді



бет2/6
Дата14.10.2023
өлшемі15,03 Mb.
#114917
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция 1

Бөліну аймағы түзуші ұлпа жасушаларынан тұрады,жасушалар үнемі тез көбейеді

  • Бөліну аймағы түзуші ұлпа жасушаларынан тұрады,жасушалар үнемі тез көбейеді
  • Олардың көп бөлігі өсу аймағына,ал аз бөлігі тамыр оймақшасының жаңа жасушаларына айналады
  • Бөліну аймағын алып тастаса,тамыр ұзарып өсуін тоқтатады, бұл кезде жанама тамырлар көптеп түзіле бастайды.Тамыр қарқынды тармақталады.Мысалы қызанақ
  • Бөлiну аймағындағы жасушалардың көп бөлiгi тамырдың басқа жасушаларына бастама бередi

Өсу аймағы бөлiну аймағынан кейiн орналасқан және олда түзушi ұлпа жасушаларынан тұрады.

  • Өсу аймағы бөлiну аймағынан кейiн орналасқан және олда түзушi ұлпа жасушаларынан тұрады.
  • Бөлiнетiн жасушалар арасында бөлiнуiн тоқтатқан жасушалар да кездеседi.
  • Бұл жасушалар өседi, созылады, өз өлшемдерiн арттырады. Сондықтан тамырдың бұл бөлiгi ұзарады, созылады, осыған байланысты бұл бөлiктi өсу аймағы деп атайды.
  • Созылу арқылы бұл аймақ тамыр оймақшасымен қорғалған бөлiну аймағын ұзарып өсуге итермелейдi.

Өсу аймағынан кейiн тамырдың сору аймағы болады.

  • Өсу аймағынан кейiн тамырдың сору аймағы болады.
  • Мұнда сыртқы жасушалар өсiндiлер түзедi, яғни жасуша мембраналары тамыр түктерi түрiнде созылады. Заттарды тікелей сіңіреді(бірнеше миллимеирден 1,3см-ге дейін жетеді)
  • Тамыр түктерiнiң қабықшасы жұқа, шырышты және үлкен орталық вакуолi болады.
  • Олардың ұзындығы 0,1 мм-ден 1,5 мм-ге дейiн, ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, бидайда 9 мм-ге жетедi.
  • Топырақ бөлiктерi мен тамыр түктерi жанасқан кезде тамыр түктерi бөлетiн шырыш топырақтағы минералды заттарды ерiтедi.
  • Тамыр түктерiнiң болуына байланысты өсiмдiк тамырлары топыраққа берiк бекiнедi.

Тамыр түктерi — топырақтан қоректiк заттарды соратын кiшкентай сорғыштар. Тамыр түктерi орналасқан аймақты сору аймағы деп атайды.Сору аймағында тамыр осыған дейiнгi аймақтарға қарағанда өзгеше болады.

  • Тамыр түктерi — топырақтан қоректiк заттарды соратын кiшкентай сорғыштар. Тамыр түктерi орналасқан аймақты сору аймағы деп атайды.Сору аймағында тамыр осыған дейiнгi аймақтарға қарағанда өзгеше болады.
  • Бұл аймақтағы тамырдың көлденең кесiндiсiнен сыртында 1.тамыр түктерiн түзетiн бiр қабат жасушалар көрiнедi
  • Оның астында 2.жасушааралық қуыстары бар, тiрi жасушалардан тұратын көпжасушалы тамырдың қабат түзетiн қабықтық бөлiгi орналасқан.
  • Әрi қарай 3.өткiзгiш ұлпалар — тiн және сүрек орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет