Органы цветковых растений


Өркен түрлері және өсімдік тіршілігінің ұзақтығы



бет8/8
Дата25.11.2023
өлшемі15,78 Mb.
#127037
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тамыр анатомиясы 8 лекция

Өркен түрлері және өсімдік тіршілігінің ұзақтығы

  • 1) сүректі өсімдіктер;
  • 2) шөптесін өсімдіктер;
  • 3) жартылай сүректі өсімдіктер.
  • Сүректену дәрежесі және бұтақтану ерекшеліктеріне байланысты сүректі өсімдіктер
  • Ағаштар
  • бұталар
  • бұташықтар
  • жартылай бұталар депбөлінеді.
  • Ағаштардың бөрікбасын түзетін жанама бұтақтарымен салыстырғанда ерекше көзге түсетіні - бойлап та, ендеп те қарқынды өсіп жетілген жалғыз негізгі діңі болады.
  • Бұталардың -негізгі діңінің болмаиды немесе нашар жетіледі. Бұтақтануы тамыр мойынан басталып, бірнеше шағын дің жетіледі.
  • Бұташықтар биіктігі шамамен 50 см-ден аспайтын орташа есеппен 10-30 см шамасындағы шағын сүректі өсімдіктер
  • Шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігінде күзде тіршілігін аяқтайтын шөптесін сабағы болады. Тіршілігінің ұзақтығына қарай шөптесін өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық деп үш топқа бөлінеді.

Бүршік және оның түрлері

  • Бүршік - өркеннің бастамасы.
  • Бүршік дегеніміз буынаралықтары өте қысқарған, түрі өзгерген өсімдіктің вегетативті мүшесі.
  • Бүршіктің түрлері:
  • Вегетативтік- жапырақ бүршігі
  • Генеративтік- гүл бүршігі
  • Вегетативті-генеративтік- гул және жапырақ бүршігі
  • орналасуына қарай
  • төбе бүршік –терминальды
  • жанама (қолтық) бүршік болып бөлінеді.

  • Төбе бүршік өсіп келе жатқан өркеннің өстік бөлігі сабағының ұшына орналасады да, оның ұзарып өсуін қамтамасыз етеді.
  • Жанама немесе қолтық бүршіктер аналық өркеннің ұшына жақын жерде жас жапырақтардың бастамасының қолтығында үнемі экзогенді жолмен меристемалық төмпешіктер түрінде пайда болады. Жанама бүршіктерден жанама бұтақтар өсіп шығады. Жанама бұтақтар да ұштары арқылы ұзарып өседі, әрбір жанама бұтақ төбе бүршігімен аяқталады.
  • Бұйыққан бүршік. Бүршіктің бұл түрі жапырақты ағаштар, бұталар, жартылай бұталар мен көпжылдық шөптесін өсімдіктерге тән. Шығу тегі жағынан бұйыққан бүршіктер қыстаған бүршіктер сияқты жанама және қосалқы бола алады. Бірақ қыстаған бүршік тәрізді көктемде бүршік жарып өркен бермейді. Бұл ұзақ уақытқа дейін, кейде өсімдіктердің өркені мен тамыры тіршілігінің соңына дейін бұйыққан қалпында қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет