Өтініш – жазбаша ресми түрде баяндалған өтіну, сұрау мағынасындағы жеке құрам бойынша құжат.
Ол құжат иесінің қолымен А4 форматты қағазда жазылады.
Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды ұлғаның немесе азаматтың
бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы.
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Жұмыстан босату туралы өтініш
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш
Кезекті демалыс сұрау туралы өтініш
Кезектен тыс демалыс сұрау туралы өтініш
Ақысыз демалыс алу туралы өтініш
Материалдық көмек сұрау туралы өтініш
Пәтер бөлуін сұрау туралы өтініш
Баласын мектепке (балабақшаға) қабылдауын сұрау туралы өтініш
Біліктілік жетілдіру туралы өтініш
Құжаттарды тексеру туралы өтініш
Тест тапсыруға жіберу туралы өтініш
Еңбек келісімінің мерзімін ұзарту туралы өтініш
Өтініш үлгілері
https://cloud.mail.ru/public/bJEh/X4JDacwsZ
Бұйрық - мекемедегі негізгі және шұғыл міндеттерді шешу мақсатында өндірістік қызметтерге байланысты жеке қызметкерге қатысты ұйым басшысы шығаратын нормативтік құқықтық акт. Бұйрық екі түрге бөлінеді:1.Негізгі қызмет бойынша 2.Жеке құрам бойынша. Жеке құрам бойынша- жеке қызметтерге байланысты шығарылады (жұмысқа қабылдау, ауыстыру, іс сапарға жіберу, демалысқа, т.б.). Бұйрық басшы қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Егер бұйрық мәтінінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады.
Жеке құрам бойынша бұйрық
«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК
БҰЙРЫҚ
20.10.2020ж №6 ж/қ Семей қаласы
Жұмысқа қабылдау туралы
БҰЙЫРАМЫН:
2020 жылдың 22 қазанынан бастап Маратова Назым Қанатовна колледжге хатшы- референт ретінде жұмысқа қабылдансын.
Негізі: Н.Қ.Маратованың өтініші.
Колледж директоры: Б.Е.Тұрсынғалиев
«М.О. Әуезов атындағы колледжі» КМҚК
БҰЙРЫҚ
27.11.2020ж №27 ж/қ Семей қаласы
Лауазымын жоғарылату туралы
БҰЙЫРАМЫН:
2020 жылдың 30 қарашасынан бастап Хабдесова Жансұлу Қаиргелдіқызы хатшы- референт қызметінен, офис менеджері қызметіне ауыстырылсын.
Негізі: Ж.Қ.Хабдесованың өтініші.
Колледж директоры: Б.Е.Тұрсынғалиев
«Шығыс» ЖШС-гі
БҰЙРЫҚ
22.06.2020ж. №30 ж/қ
Семей қаласы
Жұмыстан босату туралы
Мекеменің механигі Николаев Алишер Алексеевич жеке еңбек шартының мерзімінің біткендігіне байланысты 2020 жылдың 25 шілдесінен бастап жұмыстан босатылсын.