Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Мінездеме- қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілетті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады.
Мінездеме басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі. Оны: жұмыскер болса – кадрлар бөлімінің маманы немесе басшысы жазады; оқушы болса – топ жетекшісі (кураторы) жазады, сол оқу орнының басшысы қол қояды.
Мінездеме А4 бланкісінде толтырады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мәтіні компьютерде теріліп жазылады. Мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме 2 дана етіп дайындалады.
Мінездеме
Мінездеменің мәтіні 4 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім- анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі т.б.).
Екінші бөлімде- еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандығы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б) және басқа еңбегіне берілген баға жазылады.
Үшінші бөлімінде- қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға баріледі.
Қорытынды бөлімде- тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
Құжаттың атауы;
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметтер (аты-жөні, туған күні, айы, жылы, білімі);
Атқаратын еңбегі жайлы мәліметтер; (оқушы болса қашаннан бері оқиды, мамандығы)
Ахметкалиева Толғанай Кенжешқызы 21.11.1997 жылы туған. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Білімі – арнайы орта.
Ахметкалиева Толғанай Кенжешқызы 2015 жылы Семей сервис колледжіне «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2017 жылы бітірді.
Толғанай колледжде оқыған кезде өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Барлық пәндерді жақсы меңгерді.
Колледжде өткен іс-шараларға үнемі белсене қатысты. Дербес компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Орталық мемлекеттік мұрағатта іс-тәжірибеден өту кезінде жоғары деңгейдегі дайындығы мен өзінің жан-жақтылығын байқатты. Өзіне берілген тапсырмаларды мұқият, тиянақты орындауға тырысатын.
Мінезі салмақты, ашық. Достарының арасында беделді. Үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсете біледі, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Кәсіптік дайындық деңгейін ескере отырып Ахметкалиева Толғанай білікті де білімді, іскер маман болатындығына сенемін.