Қанның пластинкалары немесе тромбоцит – ұсақ (2-5 мкм диаметрінде) ядросыз денешіктер 1 мм3 көлемінде 250-400 мың тромбоцит болады, олар қан ұю процесіне қатысады.
Қанның қызметі Қан келесі қызмет атқарады:
асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)
қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан ұю Қан ұю – күрделі прцесс, ол фибриноген белоктың ерімейтін фибринге айналу барысында жүреді. Сол кезде пайда болған ұйыған қан – тромб фибрин талшықтарынан және қан жасушалардан құралады, ол қан тамырын тығындайды да қан кету тоқтатады. Қан ұю процесіне қажетті жағдайлар:плазма құрамында кальций тұздары және тромбоциттердің болуы. Кальций тұздары протромбин ферментін белсендіреді, ал тромбоциттерден (олардың қабы бұзылғанда) плазмаға протромбинді ферментің белсенді фибринге айналдырады, ол фибриногенді фибринге айналдырады да қан ұю жүреді. Қан ұю – организмнің өте маңызды бейімделуі, ол қан кетуден сақтайды. Гемофиля ауруымен ауырғандарда қан ұю қасиеті болмайды.
Қан құю Қан кету өмірге қауіп тудырады, себебі организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бұзады, қан қысымын төмендетеді және гемоглобиннің саны азаяды. Қан құю ертеден белгілі, бірақ қан құюдың амалдары көбінесе өліммен аяқталған. Тек 1901 жылы адамның қанының тобы аңықталғанмен, бір адмның қаны екінші адамның қанына кейде сәкес келмегендіктен аңықталды. Оны К. Ландштейнер деген ғалым ашты. Эротроциттердің желімдеу (агглютинация) себеп болатын донорлық эротроцит құрамындағы зат – агглютинин ( немесе/және ) заттары. Желімдеу тек бір жағдайда болады, егер агглютиноген А, агглютинин және агглютиноген В, агглютинин кездесе ғана жүреді. Адамдардың қаны төрт топқа бөлінеді, олардың құрамында А агглютиноген және агглютинмен ал В агглютиногені агглютинмен кездескенде ғана эротроциттер жойылуы байқалады: