Организмдерді клондау



Дата15.11.2023
өлшемі4,15 Mb.
#122823

Организмдерді клондау

Клон – тірі организмнің дәл көшірмесі

  • Клондау термині қазақ тіліне ағылшын тілінен енген. Ағылшында клон сөзі бір өндіруші-өсімдіктен вегетативті жолмен алынған өсімдік топтарын атау үшін қолданылады. Кейіннен клон деп тек осындай топты ғана емес, топтағы әрбір жеке өсімдіктен ұрпаө алуды клондау деп атайтын болды

 Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, клондауға болатынын көрсетті.

  •  Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, клондауға болатынын көрсетті.

Адамдарды клондау

  • Адамды клондау дегеніміз – бір адамның дене жасушасының ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни клон адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыс­пен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті, баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірлерін алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда.

Жасанды адамның пайдасы

  • Адам баласын клондау мәсе­лесі жөніндегі ғалымдардың жасаған жағымсыз болжамдарын Северино Антинори жоққа шығарады. Ол өзінің жобасы қоғамға тек жақсылық әкеледі деп сендіруде. «Құдайдан бала сұрап, жылап жүргендерге өзінен аумайтын сәби сыйлауды жоспарлайтын жобаның жаман болуы мүмкін емес», дейді ол. Бұл жобаның шөл­мектегі ұрықтандырудан айыр­машылығы сол, тапсырыспен жасалатын баланың негізі – сол адамның ядросынан алынған ДНК. Және одан пайда болған эмбрион шөлмек ыдыста емес, кәдімгі әйелдің жатырында өсіп, жетіледі. Оның айтуынша, егер осы әдісті одан әрі дамытып, жетілдірсе, адам баласы тамаша жетістіктерге қол жеткізетін көрінеді. Атал­мыш әдісті жетілдіру арқылы ерек­ше жаратылған адамдарды бойындағы қасиетін сақтай отырып, қайталап жасап шығаруға болады. Сүйікті адамынан айырылған адамдар оларды қайталап жасату арқылы қайғысын басуға мүмкіндік алады. Ғалым жоба­сының пайдалы екендігін дәлелдей отырып, оны қоғамның қашан болса да қабылдайтынына сенеді.

Жасанды адамның зияны

  • Жасанды адам жасауға қар­сылық білдірушілер мынандай бірнеше пікірді алға тартады. Олардың ойынша, біріншіден, өте көп қаржыны талап ететін клондаудың әзірге қажеті жоқ. Екіншіден, клондау әдісі арқылы пайда болған адам барлық жағы­нан осал болатын көрінеді. Ден­саулығы нашар, ойлау қабілеті кем адамдарды қаптатып не керегі бар деген ғалымдар тобы клон адамдардың көп жағдайда ұсқынсыз боп туатынын айтады. Үшіншіден, олар табиғи адамдарға қарағанда өте ерте қартаяды екен. Ғалымдар клон адамдардың 30 жасында ақсақал болып отыруы мүмкін деген болжам айтады. Төртіншіден, бір адамды жасап шығару үшін онымен бірге дамып келе жатқан өзге эмбриондарды өлтіру керек. Ал, бұл қылмыс емес пе? Бесіншіден, клон адамдардың пайда болуы қылмыс әлемін де талай былыққа батыруы мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған тасбауыр адамдардың елдің шырқын бұзатын әрекеттерге барулары да ғажап емес. Мысалы, соғыс аңсаған кей мемлекеттер клон-адамдарды көбейтіп, «соғыс ойынын» ұйымдастыруы да мүмкін ғой. Міне, осы болжамдарға байланысты әлемнің көптеген елі клондау ісін дамытуға қарсылық білдіруде.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет