Организмге антигендер әсер еткенде гуморальды иммунитеттің жүйесі белсенеді және мес жасушаларына бекітілген е классындағы антиденелер түзіледі



бет1/3
Дата07.01.2023
өлшемі1,61 Mb.
#60566
  1   2   3
Байланысты:
аллергияға карсы заттар

  • Аллергияға қарсы заттар

Организмге антигендер әсер еткенде гуморальды иммунитеттің жүйесі белсенеді және мес жасушаларына бекітілген Е классындағы антиденелер түзіледі.

  • Организмге антигендер әсер еткенде гуморальды иммунитеттің жүйесі белсенеді және мес жасушаларына бекітілген Е классындағы антиденелер түзіледі.
  • Организмге антиген қайта түссе, онда олар антиденелермен әрекеттеседі. Бұл мес жасушаларының дегрануляциясына, олардан аллергия медиаторының (гистамин және т.б.) бөлінуіне және аллергиялық реакцияның дамуына әкеп соқтырады.

Жедел дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (ЖДЖСР)

  • Жедел дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (ЖДЖСР)
  • ЖДЖСР өте жылдам басталады –сенсибилизацияланған организмге аллерген түскен соң бірнеше минуттан кейін дамиды да бернеше сағатқа созылады. Олардың даму механизмі гуморальды иммунитеттің реакциясымен байланысты (анафилактикалық шок, поллиноздар, Квинке ісігі, есекжем)
  • Баяу дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (БДЖСР)
  • БДЖСР 8-12 сағаттан соң дамиды және бірнеше күнге дейін, кейде бірнеше аптаға дейін созылады. Олар тіндік реакциялармен сипатталады және жасушалық иммунитеттің реакциясымен (аутоиммунды реакциялар, экзема, контактты дерматиттер, трансплантанттың қабылдамау реакциясы және т.б.) байланысты.

ЖДЖСР кезінде қолданатын заттар

  • ЖДЖСР кезінде қолданатын заттар
  • 1. Жасушалардан ББЗ-дың және гистаминнің босап шығуына кедергі жасайтын заттар
  • А) Глюкокортикоидтар: преднизолон, дексаметазон және т.б.
  • Б) Адреномиметиктер: адреналин, изадрин, орципреналин, салбутамол
  • В) Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын заттар: Кромоглиций қышқылы (интал), кетотифен, недокромил
  • 2. Гистаминнің тіндік рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайтын заттар (гистаминге қарсы заттар)
  • Н1-рецепторларды тежейтін заттар: димедрол, дипразин, диазолин, тавегил, супрастин
  • БДЖСР кезінде қолданатын заттар
  • 1. Иммуногенезді , айрықша жасушалық иммунитетті тежейтің заттар (иммунодепрессанттар):
  • А) глюкокортикоидтар
  • Б) Цитостатиктер:меркаптопурин, циклофосфан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет