Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
Адреналин—анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
Әсер ету механизмі: Аденилатциклазаны белсендіреді, цитоплазмада Са2+ мөлшері төмендейді, сондықтан аллергия медиаторының бөлінуі төмендейді.
Эфедрин(симпатомиметик) Бронхиалды демікпенің жеңіл түрлерінде қолданады.
Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат
Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат
Гистамин қан-тамырларды кеңейтеді, олардың өткізгіштігін жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтардың тонусын жоғарылатады. Бұл әсерлер гистаминді Н1-рецепторлардың ынталануында байқалады.
Н1-рецепторларды тежейтін заттарды аллергиялық реакциялар кезінде қолданады— есекжем, тері қышымасы, аллергиялық конъюнктивит, ангионевротикалық ісік ( Квинке ісігі), вазомоторлы ринит және т.б. ОНЖ-не өтетін Н1-рецепторларының блокаторлары әсер көрсетеді.
Жіктемесі
I ұрпақты: дифенгидрамин, клемастин, прометазин, хлоропирамин
II ұрпақты: астемизол, терфенадин
III ұрпақты: ұрпақты азеластин, лоратадин
Дифенгидрамин(димедрол) орталықты және шеткері Н1-рецепторлар- ды тежейді; аллергиялық реакцияларды айқын жеңілдетеді. Әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат. Седативты, ұйықтатқыш әсер көрсетеді, вестибулярлы аппараттың орталықты тізбегінің қозуын төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері:Есекжем, қышыма, поллиноздар, ангионевротикалық ісік, құрт-құмырсқаның шағуы, дәріге аллергия болғанда, сарысулы ауру. Сонымен қатар ұйықтатқыш зат ретінде және қозғалыс ауруларының (теңіз және ауалық аурулар) алдын алу үшін қолданады.
Жанама әсерлері: қысқа уақытты жансыздану, ауыздың шырышты қабатының құрғауы, ұйқышылдық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеу, лоқсу. Балаларда үлкен мөлшерде қолданған кезде қозғалыстық және психикалық қозулар, ұйқысыздық, тырысулар.
Клемастин(тавегил) димедролдан ұзақ уақыт (12 сағаттай) әсер етуімен ерекшелінеді. Белсенділігі жоғары және ұйқышылдықты туғызбайды.
Прометазин (дипразин, пипольфен) – Өте жоғары әсерлі аллергияға қарсы препарат. Әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат.
Хлоропирамин(супрастин) аллергияға қарсы әсерінен басқа спазмолитикалық қасиеті бар.
Жоғарыда айтылған препараттардың қолайсыз седативті және ұйықтатқыш әсерлерін ескере отырып,
II ұрпақты— астемизол, терфенадин антигистаминді препараттар шығарылған
кейіннен — III ұрпақты препараттар — азеластин, лоратадин (кларитин) шығарылды.
Олардың I ұрпақты антигистаминді препараттардан ерекшелігі ОНЖ тежемейді және аллергияға қарсы әсері ұзаққа созылады.