|
Орынбасар Маржан
|
Дата | 08.12.2022 | өлшемі | 19,22 Kb. | | #55801 |
| Байланысты: Экономика СӨЖ 13 апта
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік мәдениетінің мәні мен мағынасы. Іскерлік қатынастар. Кәсіпкерлік этикасы, іскерлік этикет
Орындаған: Орынбасар Маржан
Тобы:1404-11
Қабылдаған: Темирова.Ж
Кәсіпкерлік мәдениет - субьектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі ( қорамдағы) қолданыстағы құқыктық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларга, этикалық және адамгершілік ережелеріне негізделеді.
« Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінін мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік(компонент) арқылы анықтауға болады:
1. Кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі
2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез - құлық ( іс- әрекет)
нормалары мен ережелері.
3. Кәсіпкердің нақты іс- әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез- құлық нормаларын іс-жүзінде жүзеге асырады
Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы:
Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;
Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жургізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарым-қатынаста
болу;
Кәсіпкердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы
Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;
Кәсіпкерлік іс-әрекеті болжау мүмкіншілігі
Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті мынадай ішкі факторлар арқылы анықталады:
Кәсіпкерлік қызметтің пәні және оны
уйымдастыру жағдайы;
Меншік иелері мен қызметкерлердің
мотивациясы:
кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі;
кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі;
нарықта жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін ерекше басқару стилінін болуы:
Кәсіпорын басшылары, менеджелері мен қызметкерлерінің жоғары кәсіби құзыреттілігі және оларды оқыту мүмкіншілігі;
Кәсіпорын жетуге ұмтылатын құндылықтар туралы нақты әрі айқын түсініктер жиынының болуы;
Кәсіпорын қызметінің жоғары тиімділікке бағытталуы және
ұсынылатын тауарлар мен қызметтер сапасы:
Тұтынушыларға анық және сапалы
қызмет көрсетуі, тұтынушылармен
жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы:
Қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның көздеген мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;
Қажетті санитарлық гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|