Орындаған : Нуржанова Ж. У тексерген : Салгараева Г. И


Көп таңбалы сандардың теориялық аспектілерін ашу



бет3/6
Дата01.10.2023
өлшемі57,33 Kb.
#112110
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нуржанова матем

1.2 Көп таңбалы сандардың теориялық аспектілерін ашу
Көп таңбалы сандар-жазу кезінде бірнеше цифрларды (белгілерді) пайдалану қажет бүтін сандар.

Оларды оқу, жазу және салыстыру тақырыбында разрядтар мен кластаржайында түсінік беру және көп таңбалы сандарды заттардың әр түрлі санау бірлігін пайдаланып санау; көп таңбалы сандарды оқу, жазу және сандармен шамаларды салыстыру; көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру; шамаларды (ұзындық, масса, аудан, көлем, уақыт) өлшеу және кейбір шамалардың жаңа бірлігін енгізу, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер сияқты мәселелер қарастырылады. Разрядтар мен кластар жайындағы түсінік әр түрлі санау бірлігін негізге ала отырып санаудың нәтижесінде біртіндеп енгізіледі, бірліктермен санау арқылы- бір таңбалы сандар, яғни бірінші разряд бірліктері, ал ондықтармен санау арқылы- ондықтар, яғни екінші разряд бірліктері және т.с.с. жалғастыра береміз де, әр разрядтың реттік номерін анықтап, атауын енгіземіз. Алғашқы үш разряд: бірліктер,ондықтар және жүздіктер-бірліктер класын, бірінші класты құрайды. Жүздіктің онын алсақ, 1000шығады, бұл бірліктер класының бірлігі емес, мыңдар класының бірлігі. Келесі үш разряд: бірлік мыңдар, ондық мыңдар,жүздік мыңдар класын,екінші класты құрайды. Жүздік мыңның онын алсақ, 1миллион болады, бұл мыңдар клксының бірлігі емес, келесі миллиондар класының бірлігі.Осы тақырыптан бастап 4-сынып математикасының соңғы тақырыбына дейінгі қарастырылатын сандар алғашқы екі класпен (бірліктер және мыңдықтар) шектеледі. Ал оқу жылының соңына қарай алғашқы үш класс(үшінші миллиондар класы) көлеміндегі миллиардқа дейіңгі сандарды қарастыру көзделеді. Үш таңбалы сандарды қарастырған кезде құрылған бірліктер, ондықтар және жүздіктер кестесі сияқты, келесі разряд бірліктерін және екі класты қамтитын кесте құрылады да, сол арқылы көп таңбалы санның құрылуы, құрамы,оқылуы, жазылуы және қай разряд, қай класс бірліктері екендігін анықтау жүзеге асырылады.Көп таңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету, яғни оны разрядтық қосылғыштарға жіктеу мен разряд немесе класс бірліктері бойынша, яғни жіктелуі бойынша санды жазып көрсету немесе атау, бір-біріне өзара кері түрлендірулер көп таңбалы сандарды нөмірлеу жайында бағдарлама талаптарына сай білім беруге септігін тигізеді. Сандардың құрылуын және оны шығарып алуды, құрылымын түзуді және жіктеуді оқытып- үйрету көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру сияқты мәселелерді қарастырудың негізін құрайтын білімнің қатарына жатады. Осыларды игерген оқушы ілгеріде қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қиындықсыз меңгеріп кетеді. Көп таңбалы сандарды оқу мен жазу жоғары разрядтан басталады. Алайда, сандарды оқу мен жазуға қатысты ерекшеліетер бар.Көп таңбалы сандарды оқу үшін алдымен оң жақтан бастап үш цифрдан топтарға бөліп алу керек. Екінші топтағы (оңнан солға қарай есептегенде) цифрлардың санына қарай, енінші-мыңдар класының бірлігін оқып, оған кластың аты қоса айтылады, әрі қарай бірінші-бірліктер класының бірлігін оқиды (бірінші кластың аты қоса айтылмайды). Ал көп таңбалы санды жазу үшін алдымен аталған кластың бірліктері жазылады. Көп таңбалы санды оқу, жазу және салыстыру «класс», «разряд», «разрядтық сан», «кластық сан» сияқты ұғымдармен байланысты. Сондықтан көрнекілікке сүйене отырып, бірлік, ондық, жүздік-бірінші класты, яғни бірліктер класын, ал бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар- екінші класты, яғни мыңдар класын құрайтынын ерекше атап өткен жөн. Сонымен бірге төмендегі кестені пайдалана отырып, сәйкес білімді тиянақтай түсу керек .
Көп таңбалы сандарды қалыптастыру үшін разряд пен класс ұғымдарын ажырату маңызды.
Санның разряды-берілген санның жазбасындағы санның орны (орны). Мысалы, $542 санының ішінде оңнан солға қарай нөмірленген үш сан бар: Бірлік (бірінші санат), ондаған (екінші санат), жүздеген (үшінші санат). Разрядтар ретімен нөмірленеді: бірінші, екінші, үшінші, төртінші немесе разряд бірліктерінің атауымен аталады: бірлік разряды, ондаған разряд, жүздеген разряд.
Разрядтар үш разряд бірлігі бойынша сыныптарға біріктіріледі. Бірінші класс деп аталады бірлік класы. Ол бірліктер, ондаған және жүздеген разрядтардан тұрады.
Мысалы, үш таңбалының санның ішінде $873 сан $3 білдіреді бірліктерінің саны бірінші разрядтағы $7 — екінші, $8— үшінші. Бұл сан 873 бірінші класс бірлігі.(кесте-1)
(кесте-1)










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет