6 сыныпта «Қызықты грамматика» атты факультатив сабақ жүргізілді.
Тақырыбы: «Жұмбақ жасыру»
Мақсаты: Оқушылардың жұмбақ туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оның мән-маңызын түсіндіру
Міндеттері
Білімдік: Өз беттерінше сабаққа мақсат қойып, халық ауыз әдебиетінің бір тармағы ретінде жұмбақ тақырыбына шығу, оның түрлері туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Жұмбақ шешу арқылы ойын ұшқырлау, елестету, қиялдауын дамыту, өздіктерінен жұмбақ шығару арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Халық даналығының мағынасын өздеріне алып шығуға,білімпаз болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жаттығу, топтық жұмыс, ойын, т.б.