Орындаған: Абдуллаева Г



Дата16.06.2023
өлшемі78,5 Kb.
#101837

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


СӨЖ
Тақырыбы: Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бағыттары

Орындаған: Абдуллаева Г.


Тобы: МС 19-14К
Қабылдаған: Зәкіртай Ұлжан


Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бағыттары

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде бала құқығын қорғауға бағытталған тұлғаға бағдарланған тәсілдің дамуында психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары және әлеуметтік жұмыскерлер үлкен ролге ие. Бала тұлғасына құрметпен қарау, әлеуметтік өмірге дайындау елімізде қазіргі таңда болып жатқан бала мәселесіне қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін арттырады.


2003-2006 жылдар аралығында бала құқығы және әлеуметтік қорғау туралы БҰҰ-ң конвенция ұстанымдарын жүзеге асыру мақсатында 2004 жылдың 9 шілдедесінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу туралы» Заң қабылданды. Бала құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бағытындағы ұлттық саясатты жүзеге асыру бағытында білім беру, денсаулық саласында, миграциялық саясат, демографиялық даму, мүгедектерді сауықтыру және басқа да салалар бойынша мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Ол бағдарламалар қатарына: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;

  • 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;

  • 2003-2005 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» Кешенді бағдарламасы;

  • 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туберкулезбен күресті күшейту бағдарламасы;

  • 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД ке қарсы күрес бағдарламасы;

  • 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы;

  • 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы;

  • 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының халықты еңбекпен қамту бағдарламасы;

  • 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының демографиясын дамыту бағдарламасы;

  • 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру бағдарламасы және т.б. жатады.

Бала құқығын қорғау девиантты мінез-құлықты балаларды қолдау және әлеуметтік-педагогикалық қолдауға кепіл береді. Сондықтан да девиантты мінез-құлықты балаларды әлеуметтендіруге бағытталған іс-әрекеттер балалар арасындағы құқық бұзушылық пен қараусыздықтың алдын алуды тиімді жүзеге асыра бастады. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 4 865567 бала тұрады, олардың ішінде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 449127. Сонымен қатар олардың жартысына дерлігі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Осы мақсатта балаларға көмектесу үшін кәсіби білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету керек. Мектеп жасындағы балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен психологтар алдында мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету міндеті тұр. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыста индивидуалды бағытты дамыту қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтардың басымдық танытуы жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына ықпал етуде. Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап–тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке–дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне қарсылық туса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір балалардың азғындалуының нәтижесінде өзімшілдікке мойын бұрып, олар енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, кейбір балаларға тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән–мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғыну мүмкіндіктерін мектептегі оқу–тәрбие мен еңбек үдерісіне қатынасуынан байқалады. Себебі, девиантты мінез–құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай–күйі жол таба алмай әлеуметтік–педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез–құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге артып айналасымен жанжалдасуға, ұрыс–төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстанбау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың әрекеттері; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. И.С.Конның анықтауынша, девиантты мінез-құлық, «құқық, мәдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі» [1]. Е.Д.Дедков және Е.Г. Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған әлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық, деп анықтама береді [2]. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді [3] ұсынатын, қылмыстық мінез-құлық болып табылады [4].
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі [5].
Балаларда девиантты мінез–құлқындағы негізгі белгілері мен критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.
1. Отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін отбасының ішкі қарым –қатынасының қалыптасуы);
2. Мінез –құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
3. Жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары мен сұраныстарының дамымай қалуы, асоциальды іс -әрекетке ұмтылу, қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо –физиологиялық және психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы т.б.
4. Қарым–қатынастағы қолайсыздық (қарым – қатынас аясындағы кикілжіңдер, құрдастарымен, мұғалімдерімен, үлкендермен қарым –қатынасындағы дөрекілік , т.б.).
Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ол мектептен тыс ортада жасырын қарама-қайшылықта және ерекше жағдайда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады, бақылаумен ұйымдастырылады. Ал, көшеде бала өзін бақылаудан және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан да балалардың шағын мектептен тыс уақытын қалай өткізетінін есепке алып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың тұратын жерлерін, оның жеке басын қалыптастыратын және дамытатын кіші ортаның бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұрған жерінде бала мектепке келгенше өзімен таныс адамдармен қарым – қатынас жасап та үлгереді. Сондықтан да балалардың тұрған жеріндегі тәрбиелік жұмысты төменгі сыныптан бастап жүргізу керек. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуіне, әрбір іс - әрекетін үлкен қызығушылықпен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады.
Мектеп бұл жағдайда ата – анамен көпшіліктің біріккен жұмысын бір салаға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне мүмкүндіктер жасайды.
Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан – жақты дамып, әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог – психолог мамандықтармен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ұйымдастырылған.
Әлеуметтік педагог - өзінің негізгі жұмыс бағыттарын оқушының сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану ата–анасымен бірлесе отырып мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан бос уақыттағы іс-әрекеті әлеуметтік педагогтің үлесіне тиеді.
Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әр түрлі бағытта жүргізіледі. Ең алдымен алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлықты балалармен алдын алу жұмыс жүйесі бойынша төмендегідей шараларды ұсынады [6]:
- балалардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ететін мамандардың тобын құру (әлеуметтік педагогтар, психологтар, дәрігерлер және т.б.);
- балалар мен жасөспірімдер үшін тәрбиелеу ортасын құру;
- балалармен және жасөспірімдермен байланысты мәселелерді шешуге ата-аналарды үйрететін әр түрлі бағыттағы мамандар тобын құру;
- қауіп тобындағы балалармен олардың отбасына кәсіби әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық көмек көрсетіп және тәрбиелік алдын алу жұмыстарымен айналысатын мамандар даярлауды ұйымдастыру;
- мінез-құлық нормаларынан ауытқушы жастар мәселелесіне көңіл бөлуді күшейту мақсатында қоғамдық білім беру бағдарламаларын құру (теледидар бағдарламалары, оқыту бағдарламалары және т.б.)
- балалардың бос уақытын ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей девиантты мінез-құлықты балалардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылмайды. Сондықтан да балалардың бос уақытын ұйымдастру тәрбиелік алдын алу жұмыстарының басты бағыты болып табылады. «Бос уақыт» ұғымы балалардың оқу әрекетінен тыс өмір әрекеттеріндегі уақыты мен бос кеңістігі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты келесідей қызмет атқарады: балалар мен жасөспірімдердің физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру, олардың қызығушылқтары мен қабілеттерін ояту. Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруда қосымша білім беру мекемелері үлкен ролге ие. Қосымша білім беру мекемелері балалардың өзін-өзі дамытуға;
-ақпараттық ағартушылық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді [7].
Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру жұмыстарын да қамтиды. Сауықтыру шаралары тұлғаға, оның жекелеген психикалық және физикалық қасиеттеріне әсер ету нәтижесі ретінде қарастыруға болады [6].
Сауықтыру баланың қоғамдағы белсенді өмірге және пайдалы еңбекке қайта алып келу мақсатында жүргізілетін шаралар жүйесі. Бұл үздіксіз үдеріс.
Сауықтыру шараларының көптеген түрлері бар: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби, тұрмыстық. Медициналық сауықтыру жұмыстары баланың ағза қызметтерін қайта қалпына келтіру болып табылады. Психологиялық сауықтыру жұмыстары баланың психикалық аймағына арналған. Кәсіби сауықтыру балаларды еңбек арқылы оқыту немесе қайта оқыту. Тұрмыстық сауықтыру балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Әлеуметтік сауықтыру бұл баланың әлеуметтік орта өмір тіршілігіне араласу қабілетін қалпына келтіру үдерісі. Әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру бұл балалардың қоғамға белсенді араласуға қажетті тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, өз бетінше өмір сүруге, қажетті білім алуға қажетті білік, дағдыны меңгеруге бағытталған тәрбиелік сипаттағы шаралар жүйесі.
Әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру негізгі үш бағытты қамтиды: сауықтыру бағдарламасын құру және жүзеге асыру; баланы қорғау [8].
Диагностика баланың тұлғаның, әлеуметтік ролдердің, кәсіби қызығушылықтардың эмоционалдық танымдық аймағының даму деңгейін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеу жүргізеді. Сауықтыру бағдарламасы әр бала үшін жеке құрылады: бағдарламаның мақсаты, міндеті, әдістері, формалары, құралдары, кезеңдері болады. Сауықтыру бағдарламасының негізгі мақсаты тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және түзету, балаларға коммуникативті қарым қатынас дағдыларын меңгеруге көмектесі болып табылады. Сауықтыру жұмысынан кейінгі кезең баланың сауықтыру орталықтарынан шыққан соң баланың отбасымен, достарымен, мектеп ұжымымен үйлесімді қарым қатынас орнатуына көмектесумен байланысты [9].
Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік педагогикалық сауықтыру бағдарламасын құруда келесідей жағдаяттар ескерілуі тиіс [10]:
1. Баланың жағымды қасиеттерін таба білу. Әлеуметтік педагог баланың мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды айтып, жариялауға болмайды. Бала үшін қолайлы жағдай туғызып бала бойындағы жағымды қасиеттерді тауып, сол бойынша әлеуметтік педагог іс-әрекет жасайды.
2. Болашаққа деген сенімділіктің пайда болуы. Мектепте үнемі оқу үлгерімі төмен болғандықтан балалар өзіне деген сенімі жоғалып, болашаққа жоспар құрмайды. Мұндай жасөспірімдер үшін өзінің болашақ кәсібін көру маңыызды болып табылады, бұл жағдайда әлеуметтік педагог-психологпен бірлесе отырып баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне байланысты болашақ кәсібін анықтауға көмектеседі.
3. Болашақ кәсібін таңдаумен қатар девиантты мінез-құлықты балаларға қоғамдық жұмыстарға араласуы да маңызды болып табылады. Егер де басқа жасөспірімдер оқу, еңбек, жеке қызығушылықтары арқылы өз мүмкіншіліктерін жүзеге асырса, қиын жасөспірімдер үшін бұл орталарға ену қыинға соғады, дұрыс ұйымдастырылмаған бос уақыттың салдарынан өз күштерін қылмыстық әрекеттерге жұмсайды.
4. Жасөспірімдермен сенімді қарым қатынас орнату. Шыдамдылық пен төзімділік әлеуметтік педагогқа девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыста қажетті маңызды қасиеттердің бірі болып табылады.
Сауықтыру бағдарламаларын құруда баланың жеке тұлғалық қасиеттерімен қатар баланың сол кездегі күйін ескеру қажет. Бұл баланың отбасындағы немесе достары арасындағы кейілжіңмен, үйден қашу, сабақтан қалу секілді жағдайлармен байланысты болуы мүмкін [6].
Қорыта айтқанда, девиантты мінез - құлықты балалардың алдын алып, оларды тәрбиелеуде, түзету жұмыстарын жүргізу барысында мектеп мұғалімдерімен қатар әлеуметтік педагогтардың рөлі өте зор. Сондай - ақ балалар мен жасөспірімдерді қоғам өміріне бейім, әлеуметтік нормаларға сай келмейтін мінез – құлықтардан бойларын аулақ ұстауға ықпалын тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Кон И.С. Психология ранней юности: Кн. Для учителя.-М.: Просвещение, 1989.-255 c.

  2. Социально-педагогическая деятельность образовательных учреждений: новые подходы и перспективы // научный информационно-метод. Сб.-М.: Центр инноваций в педагогике, 1999.-189 c.

  3. Кулагина И.Ю. Личность школьника от задержки психического развития до одаренности.- М.: Сфера, 1999.-192 c.

  4. Кондрашенко В.П. Девиантное поведение у подростка.- Минск: Беларусь, 1988.-204 c.

  5. Джаманбалаева Ш.Е Социальные проблемы девиантного поведения. Автореферат. – Алматы, 1996. – С. 3 – 23.

  6. Макартычева Г.И. Коррекция девиантного поведения. Тренинги для подростков и их родителей / Г. И. Макартычева. - СПб.: Речь, 2007. - 368 с.

  7. Овчарова Р. В. Справочная книга социального педагога / Р. В. Овчарова. - М.:ВЛАДОС, 2004. - 395 с.

  8. Павленок П.Д., Руднева М.Я. Социальная работа с лицами и группами девиантного поведения. - М.: ИНФРА-М, 2007.- 292 с.

  9. Социальная педагогика / под ред. М. А. Галагузовой. - М.: ВЛАДОС, 2002.- 492 с.

  10. Шнейдер Л.Б. Девиантное поведение детей и подростков. - М.: Академический проект, Трикста, 2005.- 298 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет