Орындаған: Адилбаева Аяжан Құқық қорғау қызметі 201-2 тобы Тексерген: Айтмуханова Дидар Урынбасаровна
Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметінің кейбір аспектілері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Экономика және құқық факультеті
Азаматтық құқық пәндері кафедрасы
Кәсіпкерліктің экономикалық қызметіндегі функциялары
Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.
ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер .
Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік – жалпыэкономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функцияларды атқарады. Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіпкерлік ұйымдардың объективті рқлі не негізделген. Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруге бағытталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, құн және т.б.) жҥйесінің әсері арқылы жҥзеге асырылады. Бұл тұрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функциясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шарттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, бҧл фактор шаруашылық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функциясының көрінісі ретінде анықталады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік келесі қызметтерді орындайды. (1- кесте)
Нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі.
Ресурстық
Кәсіпкерліктің дамуы өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады. Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады.
Өнерлі- іздеушілік
Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдіру.
Әлеуметтік
Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді.
Ұйымдық (ұйымшылдық)
Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік «жүйелік» кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді.
Сонымен, кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатына қаржының салуымен байланысты қызмет болып табылады.