Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
Қазіргі қоғамның урбанизацияға деген жаһандық тенденциясы индустрияландыру және постиндустриализация кезеңдерінде экономикалық дамудың табиғи салдары да, ынталандыруы да болып табылады. Сондықтан қала халқының ел халқының жалпы санына пайыздық қатынасымен өлшенетін урбандалу көрсеткіші дамыған елдерде неғұрлым жоғары және жан басына шаққанда табысы аз елдерде айтарлықтай төмен.
Қазіргі қоғамның урбанизацияға деген жаһандық тенденциясы индустрияландыру және постиндустриализация кезеңдерінде экономикалық дамудың табиғи салдары да, ынталандыруы да болып табылады. Сондықтан қала халқының ел халқының жалпы санына пайыздық қатынасымен өлшенетін урбандалу көрсеткіші дамыған елдерде неғұрлым жоғары және жан басына шаққанда табысы аз елдерде айтарлықтай төмен.
Урбандалу түрлері
Урбандалу түрлері
Субурбандалу - қалалық агломерациялар қалыптастырудың нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағын өсу және даму процессі.
2) Қаладағы сан түрлі мүмкіндіктердің бар болуында.
3) Қала маңындағы ауылдардың, қаламен қосылуында (агломерация).
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі
Қазақстан халқының саны аумағының үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұйымдастыруға баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.
Көрсетілген аумақтағы қалаларда өмір сүретін адамдардың аталған аумақтағы жалпы халыққа шаққандағы пайыздық қатынасы. Бұл көрсеткіш пайыздық қатынаспен беріледі. Әдетте, урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Мысалы, Германияда қала халқының үлесі 73%-ды, ал Үндістанда бар болғаны 28%-ды құрайды. Соған қарамастан абсолютті көрсеткіштер, қала халқының жалпы саны мүлде басқаша жағдайды: Германияда қалалықтардың жалпы саны 60 млн адам болса, Үндістанда 321 млн адам. Сонымен салыстырмалы көрсеткіштер ауқымын нақты көрсетеді.
XХ ғ.басында қаланың өмірі арнайы әлеуметтік феномен ретінде,немесе урбандалу процесі әлеуметтік ғылымдардағы егжей-тегжейлі мән беруді талап ететін нысанға айналды.Чикаголық мектептің антропологтары мен социологтары урбанизм теориясын әлеуметік өмірдің ерекше типі ретіде қарайтын теорияны дамытты.
Р.Парктың шәкірті Луис Вирт 1938 жылы “Урбандану өмір сүру бейнесі ретінде”деп аталатын классикалық мақаласын жариялады.Мұнда американдық социолог қаладағы адамдардың өмірінің психологиялық және мінез-құлықтық салдарын қарастырды. Вирт қаланың үш түрлі сипаттамасын және салдарын көрсетті: