Орындаған: Адилханова Айнелла Тексерген: Иманкулова м стилистиканың қазақ әдеби тілінің тарихымен байланысы



Дата29.09.2023
өлшемі1,61 Mb.
#111574
Байланысты:
стилистика


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты «С.Қирабаев атындағы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы»
4 курс, 406 – топ
Орындаған: Адилханова Айнелла
Тексерген: Иманкулова М
Стилистиканың қазақ әдеби тілінің тарихымен байланысы
Қазақтың әдеби тілі қалыптасу және дамуы жағынан көптеген дәуірді бастан өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан айқындалып жете қойды деп айтуға болмайды.
Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі.
«Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе.
Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін, тәлім – тәрбие үйрететін баспасөздің тілі.
Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің саласы ғана.
Әдеби тіл жөнінде пікір айтушылардың бірі - М. Әуезов. Ол 1950 жылдары жарық көрген бес – алты мақаласында «Әдеби тіл» мен «Әдебиет тілі» атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, «Әдеби тілдің әдеби процеспен, жазу мен тығыз байланысты дамитынын, оның халық тілінің жоғары формасы екендігін айтады. 
Ғ.Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады.
Ол қазақ әдеби тілін тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:
1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл.
2. Қазіргі әдеби тіл.
М.Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:
1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.
3. ХІХ ғасырдың басы.
4. Совет дәуірі.
Ал М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. 
Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады».
Н.Сауранбаев қазақ әдеби тілінің тарихы әлі толық зерттелмеген, сондықтан оны дәуірлеу қиын дей келіп, «пікір тудыру үшін өз ойымызды айтуды дұрыс көрдік» деп, бұл тарихты үш дәуірге бөледі: 1) XIX ғасырдың II жартысына дейінгі, 2) ХІХ ғасырдың II жартысынан XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі, 3) советтік дәуір[2]. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов ұсынған дәуірлеу кестесі Н.Сауранбаев кестесіне жуық, айырмашылық – XX ғасырдың басындағы әдеби тіл деген үшінші кезең бөлек танытылады
Р. Сыздықова өзінің «ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
  • Сыздықова Р. ХІІІ – ХІХ ғ қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984.
  • Сыздықова Р. Ашып алар жәйттар көп // Қазақ әдебиеті 1980. 28 наурыз.
  • Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. Алматы, 1976.
  • Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982.


Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет