Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
С. Қирабаев атындағы «қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасы
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктіліксипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі№338 Бұйрығы.(конспект)
Орындаған: Қаирбаева Балауса
Қабылдаған: Тұрлыанқызы Қ.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2009 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалпы ережелер
1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан қолдануы үшін міндетті.
2. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама):
білім беру ұйымдарындағы олардың орны мен рөлін анықтайтын құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер жасауға;
педагогтердің міндеттерін, құқықтарын және жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуге;
кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдалануда дұрыстығына бақылауды жүргізуге;
білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімдерін өткізуге негіз болады.
3. Педагогтер лауазымының атаулары білім беру ұйымдарының штат кестесінде осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
4. Мамандардың лауазымдық міндеттер мен білім талаптарына (бас есепші, бас инженер, есепші, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде анықталады.
5. Басшылар, педагогтер біліктілік санаттары білім басқармасы органдары белгілейді.