Орындаған: Айдар Төлеген фкс 20-11



Дата07.01.2022
өлшемі3,57 Mb.
#16921
түріПрезентация
Байланысты:
презентация Айдар Төлеген

Орындаған: Айдар Төлеген фкс 20-11


Презентация

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы.

«Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс»

Қоғамға қызмет көрсету іс-шаралары, өз аты айтып тұрғандай, білім алушының өзін қоршаған ортаға, әлеуметке қандай да бір қызмет көрсетуі, көмектесуі дегенді білдіреді. Бұл топта қарт адамдарға көмек көрсету, көмекке мұқтаж жандарға арналған асханаларда жәрбем беру, ауруханаларда қолғабыс ету, экологиялық мақсаттағы іс-шараларға көмектесу немесе жергілікті, мемлекеттік не болмаса халықаралық қайырымдылық көрсету ұйымдарына өз жұмыстарын жүргізуге жәрдем беру істерін айтуға болады.


Еріктілер деген кім?

Ерікті деген ұғым аты айтып тұрғандай өз еркімен, ешқандай ақысыз қоғамға қызмет ететін адам. Осыдан 5-6 жыл бұрын бұл терминді ешкім білмейтін. Ішін ара көзі ашықтар байыбына барғанмен жете түсіне де бермейтін. Ал қазір еріктілер- қоғамның бір мүшесі болып қалыптасты. Еріктінің болуы, оның бірұдай дамып тұруы міндетті. Бұл заман талабы. Жастарды елмен, халықпен бірге жұмыс жасауға үйретудің негізі-ұйымдардың болуы деп санаймыз.


Қоғамға қызмет ету

Түрлі акцияларға қатысып, жәрдемақы қорына ақшалай қайырымдылық жасау

Мемлекеттік тапсырмаларды, бағдарламалардың орындалуына ат салысу

Ардагерлерге, қарттарға, мүгедек жандарға барынша қол ұшын созу

Халыққа, яғни адамдарға қызмет көрсету

Қоғамдық жұмыстарға, сенбіліктерге қатысып қоршаған ортаны қорғау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында  келер жылды «Еріктілер жылы» деп бекітті. Бұл барлық еріктілерге серпін беріп, жаңа ізденістерге жол ашары сөзсіз. Жалпы, республика бойынша 287 еріктілер ұйымы бар. Сондай-ақ, барлық аймақтарда еріктілерді қолдайтын 17 орталық құрылған. Ақмола облысы бойынша ол орталық «Ақмола Жаңа Толқын» қоғамдық қоры  болып табылады. Бұл туралы еріктілер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған брифингте мәлім етті.

2020 жыл – Еріктілер жылы. Мемлекет басшысының бұл сөзі еріктілердің ұйымдары үшін – үлкен жауапкершілік. Мемлекет тарапынан ағымдағы жылы  еріктілерге 1 млн теңге бөлініп, 17 грант берілді. Яғни, осы арқылы еріктілер өз жұмыстарын жандандырып, ел дамуына өз үлестерін қосуға сенім білдірді.


Назарларыңызға Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет