Орындаған: Айқозы А.
Қабылдыған: Байымбетова Ж.А
Группа:1301-11ж
(грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді.
Дыбыс жүйесі
Қазақ тіліндегі дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту мүшемізге сезілетін, әсер ететін әр алуан үн-дыбыстардың, сыбыс-сылдырлардың бәріне де қолданылады. Бірақ тілдің фонетика саласы дыбыс атаулыны ондай кең мағынада емес, тіл дыбысы яғни сөйлеу тілінің дыбыстары деген мағынада ғана қолданылады.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
- дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері,
- дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш, қуат - өкпеден шығатын ауа,
- ауа толқырлық кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ қуыс мүшелері.
Достарыңызбен бөлісу: |