Орындаған: Алаша С. М. 1-курс Тексерген: Роговой А. В. Шымкент 2024ж. Әлеуметтік құрылым және стратификация



бет2/4
Дата07.10.2024
өлшемі59,53 Kb.
#146961
1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтік құрылым және стратификация

Теңсіздік – қоғамның жеткіліксіз (дефицитный) ресурстарын (ақша, билік, білім және престиж, т.б.) әртүрлі страталар немесе тұрғындар қабатына тең етпей (неравномерное распределение) бөлу.



    1. Әлеуметтік стратификация

Егер әлеуметтік құрылым еңбекті қоғамдық бөлуден пайда болса, онда әлеуметтік стратификация еңбек нәтижесін қоғамдық таратудан пайда болады. Әлеуметтік стратификация қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті бейнелейді және халықтың кедей және бай болып бөлінуін түсіндіреді.


Әлеуметтік стратификация - әлеуметтік теңсіздіктің сатылы ұйымдасқан құрылымы, ол белгілі-бір қоғамда белгілі-бір тарихи уақытта болып отырады; қоғамдық мәртебесі бойынша ерекшеленетін қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарға бөлінуі.
Страта – қандай да бір ортақ әлеуметтік белгісі (мүлкімен, білім деңгейімен, билігімен, т.б.) бойынша біріккен әлеуметтік қабат, адамдар тобы.
Стратификацияны өлшеудің 4 шкаласы бар:
Жалақы жеке индивид немесе жанұя белгілі уақыт (1 ай, 1 жыл) аралығында алатын ақшалай эквивалентпен (тенге, доллар, евро) өлшенеді.
Білім оқу жасымен (мектепте, ЖОО-да, колледжде, т.б.) өлшенеді.
Билік адам санымен өлшенеді, билік билік етуші субъектінің шешімдерінің таралуы.
Престиж қоғамдық пікірде қалыптасқан мәртебені құрметтеу. (Престиж социологияда сауалнама әдісі арқылы оқытылады. Престиж түсінігіне екі түрлі пікір кіреді. Ол оқытуды экономикалық марапаттау және оның қоғам үшін құндылығы.

Социологияда стратификацияның 4 негізгі түрлері бар:


1) Құлдық – теңсіздігі толық шектелген адамдарды құлдыққа салудың экономикалық, әлеуметтік және заңды түрі.
2) Каста адам туылғаннан бастап, кейінге дейін өзі мүшесі болатын әлеуметтік топты (қабатты) айтады.
3) Сословие – бұл да әлеуметтік топтар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік – экономикалық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және құқықтық актілерімен де анықталады.
4) Әлеуметтік класс – екі мағынада түсіндіріледі:
а) кең мағынада, өндіріс құралдарын игере алатын немесе игере алмайтын, еңбекті қоғамдық бөлу жүйесінде белгілі орны бар және жалақы табудың арнайы тәсілі (құл және құлиеленуші; феодалдар және шаруалар; буржуазия және пролетариат) бар адамдардың үлкен әлеуметтік тобы.
б) тар мағынада, басқалардан жалақысымен, білімімен, билігімен, престижімен ерекшеленетін қазіргі қоғамдағы кез-келген әлеуметтік страта.

Стратификацияның жоғарыдағы үш түрі жабық қоғамды, ал соңғы түрі ашық қоғамды сипаттайды.


Ашық қоғам - әлеуметтік иерархияның ең жоғарғы сатысына дейін көтерілуге тең мүмкіндіктер бар қоғам, яғни бұл қоғамда бір стратадан екінші стратаға өту мүмкіндіктері шектелмейді.
Жабық қоғам – қатаң әлеуметтік құрылымды сипаттайды, стратаға өту мүмкіншіліктері толық шектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет