Өмір сүру деңгейі әлеуметтік категория ретінде
Өмір сүру деңгейі дегеніміз тұрғындарды қажетті материалдық игіліктермен, қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Тұрғындардың өмір сүруінің 4 деңгейі бар:
жеткіліктілік (достаток) (адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін игіліктерді пайдалану);
орта деңгей (адамның физикалық және интеллектуалды күшін орнықтыратын нормаларды рационалыды түрде пайдалану);
кедейшілдік (жұмыс күшін төменгі шекте өндіру мен жұмыс істеу қабілетінің сақталуы ретінде игіліктерді пайдалану);
жоқшылық (нищета) (адамның өмір сүру қабілетін сүйеп тұруға ғана ықпал ететін ең төменгі игіліктерді қолдану).
Кедейшілдік түсінігі, мәні, өлшемі мен түрлері
Кедейшілдік-адамдардың ең төмен құндылықтарға ие және әлеуметтік игіліктерге ие және әлеуметтік игіліктерге рұқсаты шектелген адамдардың экономикалық және социо-мәдени жағдайы.
Кедейшілдіктің өлшемі:
Кедейшілдіктің көлемі – кедейшілдікте немесе кедейшілдіктің шегіне жеткен ел халқының бір бөлігі.
Кедейшілдіктің шегі – (немесе ең төменгі өмір сүру) адамның өмір сүру әрекетін сүйеп тұруға және денсаулығын сақтауға қажетті ең төменгі игіліктерді пайдалануға берілетін ең төменгі жалақымен есептелген ақша.
Кедейшілдіктің түрлері:
Абсолютті кедейшілдік – индивидтің өз жалақысымен тамаққа, киімге, баспанаға деген қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетсіздігі немесе тек ең төменгі қажеттіліктерді қанағаттандырып, биологиялық тірі қалуды ғана қамтамасыз етуі.
Салыстырмалы кедейшілдік - өмір сүруге қажетті кейбір игіліктерге қол жетпеушілік.
Кедейшлдіктің субкультурасы (кіші мәдениеті)
Кедейшілдік тек қана төменгі жалақы ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өмір үлгісі және өмір сүррудің ерекше образы. Сондықтан социологтар кедейшілдікті ерекше субкультура ретінде айтады.
Кедейшілдіктің субкультурасы кедей топтардың барлығына қатысты емес: кедейшілдік қоғамнан бөлінудің немесе жаттанудың себебі емес. Көп уақыттан бері кедей болып келе жатқан (хроническая бедность) қоғамда кедейшілдік субкультурасы пайда болуы мүмкін, яғни арнайы кедейшілдіктің дәстүрлері, салттары, құндылықтары және мінез-құлық стереотиптері
Кедейшілдіктің субкультурасына сәйкес келетін қажетті белгілердің тізімін социологтар былай көрсетеді:
экономикалық және әлеуметтік тәуелділік;
рөлдік мінез-құлықтардың айқын моделдерінің жоқтығы;
девиантты мінез-құлық: наркомания, алкоголизм, жезөкшелік;
жаттану және саяси әлсіздік;
өмірлік жоспарлар мен өзіне деген сенімділіктің жоқтығы;
ішкі жанұялық қарым-қатынастағы қайшылықтардың басымдылығы (дөрекілік, ата-аналар мен балаларының ұрыс-керісі, ерте ажырасулар);
жанұядағы әйелдердің үстемдігі;
ерте жыныстық қатынасқа түсу және некесіз балалы болу;
физикалық күш алдында бас иушілдік.
Социологтардың пікірінше, осы белгілер барлық төменгі кластарға тән болуы мүмкін емес, ол тек көптен бері кедей болып келе жатқандарға (тем кто хронически беден) тән. Кедейшілдіктің субкультурасы қайғыру мен үмітсіздіктен туындайды. Бұл «андеркласс» түсінігімен аталатын кедейлерге тән. Андеркласс – адам кейпінен айырылған деклассирленген (алқаштар, наркомандар, т.б.) элементтерді қалыптастырған қоғам қабаты; әлеуметтік иерархиядағы барлық класстардан төмен тұратын қоғам қабаты.
Достарыңызбен бөлісу: |