Орындаған: Қалмақанова О. А тексерген: Беккалиев А. К орал 2022 Жоспар



бет3/8
Дата13.06.2022
өлшемі50,24 Kb.
#36759
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орнай курстық жұмыс 4

Негізгі бөлім
2.1 Ашық қара-қоңыр топырақтар.
Құрғақ дала зонасының оңтүстік бөлігінде жусанды - боз өсімдіктер астында түзіледі, карашірікті қабаты кұрылыссыз қалыңдығы (А+В1) 25-35 см болуымен сипатталады, шайылуы нашар болғандықтан карбонатты қабат қоңыр топырақтарға қарағанда топырақ бетіне жақын орналасқан. Гипсті қабат 110-120 см тереңдікте орналасқан. Ашық қара-қоңыр топырақтар күңгірт қара-қоңыр топырақтардағыдай тегтерге бөлінеді. Жеңіл еритін тұздардың жиналуының жоғарылығына байланысты ашық қара-қоңыр топырақтарда күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда кебірлену белгілері мол таралған. Химиялық, су, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда нашар
Ашық қара-қоңыр топырықты шөл дала аймақшасы ауданы-38,4 млн.га.Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып,шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр.
Каспий маңы ойпатының жер бедері аллювиалды теңіз жазықтары, ал топырақ түзуші тау жыныстары-тұзданған балшықтар және ауыр құм-балшықтар.Орал және Торғай үстірттері маңының жер бедері адырлы-бұдырлы жазықтықтар және аңғарлармен ссайлардан құралған.Аналық тау жыныстары-карбонатты балшықтар және құмбалшықтар.Сарыарқа төңірегінде бұдырлы жазықтықтар мен ұсақ шоқылар жіне аласа таулар орналасқан.Аналық тау жыныстары элювиалды-делювиалды шеміршекті,қиыршық тасты құм-балшық ,кейде құмайттар.
Климатының континентальдылығы батыстан шығысқа қарай арта түседі.Ауадан түсетін ылғал жылына орташа есеппен -180-210 мм. Ауаның белсенді температурасы қосындысы – 2600 -3100◦. Ылғалдану коэффиценті-0,2-0,3.
Өсімдік дүниесі негізінен жусанды - бетегелі шөптер тобынан құралған. Олармен қатар шамалы түрде қараған, баданалы қоңырбас, бәйшешек кездеседі.
Топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара қңыр топырақтар мен кебірлерден тұратын кешендерден құрoлған. Ойпатты жерлерде шалғындық, шалғындық қара қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырық жамылғысы құрылымы аудaнының 63,3% ашық қара қоңыр,20,2% кебірлер, 5,2 %жартылай гидроморфты,4,0% гидроморфты,1,6% сор топырақтар және 1,2 % құмдар алып жатыр.
Аймақшада қуаңшылық жағдай аса дамымағандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сoндықтан бұл aймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт бoлуы тиіс.
Қоңыр топырақтар алып жатқан алқаптардан оңтүстіктікке қарай ашық қоңыр топырақтар алқабы жатыр. Бұл өңір Oрал, Ақтөбе, Қостанай, Целиноград, Қарағанды және Семей мен Шығыс Қазақстан облыстары территориясының біраз жерлерін алып жатaды. Бұл өңір өте қуаңшылық , күні аса ыстық, әрі қапырақ, ал қысы қарлы, әрі қатты желді суық болып келеді, сондықтан да бұл жерлерді егіншіліктен гөрі мал шарашылығына пайдаланған аса тиімді. Бұл жерлерде не бары жылына 170-230 мм шамасыда жауын-шашын түседі, күн өте ыстық болғандықтан жер бетінен ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшеріне қарағанда 4-6 есе көп болады. Табиғи жағдайда бұл жерлер өсімдіктерге аса бай емес, көбінесе тасбеде мен жусан өсетін өңір болып келеді. Ылғал молырақ аудандар және суарылатын жерлер ғана егіншілік үшін пайдаланылады.
Ашық қоңыр топырақ қарашірік мөлшері, оның жалпы қоры, қалыңдығы, қоректік заттарға байлығы жөнінен қоңыр топырақтарға жақындайды, бірақ олардың сәл кейін тұрады. Бұл топырақтардың гумус қабатының қалыңдығы 25-30 сантиметрден аспайды. Ал қарашірік мөлшері небары 1,5-2,5 процент шамасында болады.Бұл топырақтардың да түрлі механикалық құрамдылары,карбонатталған,кебірленген,сортаңданған сияқты түрлері кездседі,ал бұлар үрлі агрохимиялық қасиеттеріжөнінкен жоғарыда айтылған қоңыр топырақтардың осы сияқты түрлеріне ұқсас келеді. Бұл өңірде көп жерлерді кебір және сортаң топырақтар алып жатады,олар 10-50 процент шамасында болып,аймақтың негізгі топырағының комплексін құрайды. Ашық қоңыр топырақтың жоғарыда аталған түрлері барлық қасиеттері жөнінен анық бөлініп тұрады.Мысалы карбонатты ащшық қоңыр топрақ жоғарғы қабатынан бастап «қайнап», ол топырақтардың тменгі қабаттарына қарай қүшейе түссе,кебірленген топырақта сіңіру комплексінде сіңірілген натрийдің мөлшері кейде 3-5 процент не одан да көп мөлшеоге жетеді.Ащық қоңыр топырақтардың сортаңдаған түрлерінің топырақ қабаттарында хлорлы, сульфатты, карбонатты және известі тұздар мол болады.
Ашық қоңыр топырақтардың барлық түрлерінің де реакциясы сілтілі болып келеді,топырық қабаттарының бір-біріне өтуі өте анық,қабаттары онша қалың емес болып келеді.Бұл топырақар жалпы және жылжымалы калийге өте бай келеді.Мұнда фосфордың жалдпы қоры көп болғанымен,сіңімді түрі өте аз, азоттың да жалпы және сінімді түрлері аз болып келеді.Сондықтан да мұндай жерлерде егілетін ауыл шаруашылығы дақылдаррынан мол өнім алу-топырақ құнарлылығын арттыру,қорекік заттар мөлшерін көбейту,ылғалдыы көбейту,түрлі мелиорациялық жұмыстарын жүзеге асырумен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет