Орындаған: Қалмақанова О. А тексерген: Беккалиев А. К орал 2022 Жоспар



бет4/8
Дата13.06.2022
өлшемі50,24 Kb.
#36759
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орнай курстық жұмыс 4

Кәдімгі ашық қоңыр топырақ



Топырақ

Қабаты,см



Қарашірік

Сіңімді қоректік

Заттар,мг/кг



Карбонет мөлшері,%

Сіңірілген негіздер 100г
Топырақта мг/кг есебімен

азот

фосфор

калий

кальций

натрий



0-10
12-22
22-32

2,5
1,8
1,1

35
21
12

17
13
10

351
280
301

Жоқ
0,3

12,0
9,0
9,0

0,1
0,1
0,2


Карбонатты ашық қоңыр топырақ

0-10
10-20
20-30

2,1
1,4
1,0

34
23
14

15
10
8

418
353
281

0,8
1,6
2,3

7,6
10,3
9,4

0,1
0,2
0,2


Кебірленген ашық қоңыр топырақ

0-10
12-20
20-30

1,4
0,9
0,6

28
15
9

18
12
9



285
190
171

Жоқ



5,6
4,5
3,7



0,9
1,1
1,3




2.2. Қара қоңыр топырақтың морфологиясы белгілері және генезисі

Қара қоңыр топырақтың тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған А.ш-дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар.Оның астында А-қарашірінді жиналу қабаты, oдан төмен В2-қарашірінді тілдері қабаты,оның астында Вк-иллювиалды карбонатты қабат орналасып,ол С аналық тау жыныс қабатымен шектеседі. Яғни,құрылысы А.ш-А-в-В.1-В.2-В.К-С. Қара қоңыр топырақтың құрылысы және оның морфологиялық белгілері,химиялық қасиеттері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді.


Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы -10-30 см,түсі күңгірт қара қоңыр,нағыз қара қоңыр немесе ашық қара қоңыр болып келеді,түйіртпектігі кесекті немесе шаңды кесекті болады.В1-қарашірінділігі аралық қабаттың түсі күрең реңді қара қоңыр немесе күрең болады. Құрылымы кесекті немесе призмалы кесекті, карбонат қосылыстар кездесетіндіктен, әдетте HCl ертіндісінен қайнайды (көпіршиді).
В2- қарашірінді тілдері қабатының түсі біркелкі емес; күрең қара қоңыр қарашірінді тілдері мен күрең түсті аналық тау жынысының сынашалары кезектесіп орналасқан, тығыздалған болып келеді, түйіртпектігі кесекті-жаңғақша немесе кесекті призмалы.
Вк- иллювиалды карбонатты қабат 40-60 см тереңдіктен басталады. Бұл қабатта мол жиналған карбонат дақтар кездеседі. Түсі сарғыш күрең, өте тығыздалған, түйіртпектігі призмалы, призмалы-жаңғақшалы.
Топырақтың 80-120 см қабатынан бастап сарғыш күрең түсті аналық тау жынысы басталады. Оның құрамында ұсақ кристалды түрде гипс және тез ерігіш тұздар кездеседі.
Қара қоңыр топырақ қара топырақ сияқты шымдану процесінің әсерінен қалыптасады. Бірақ қaра қоңыр топырақты аймақта шымдану процесінің қарқыны бәсеңдеу болады. Құрғақ климаттың әсерінен қалыптасқан бозды-бетегелі, жусанды-бозды-бетегелі өсімдіктер бұл аймақта сиректеу орналасып, қара топырақты аймаққа қарағанда, азырақ өсімдік қалдықтарын қалдырады.
Топырақтың ылғалдылығының нашарлауы себебінен микробиологиялық процестер бәсеңдеп, минералдану артып, топырақта қарашіріндінің түзілуі, азоттың және басқа қоректік заттардың жиналуы кемиді. Карбонаттардың басқа да тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға терең шайылуы байқалмайды. Сөйтіп олар жоғарырақ орналасады. Құрамында кремний, мaгний және сілтілік металдар бар жусан тобының өсімдіктерінің қалдықтары жер бетіне молырақ түсіп ыдырауынан топырақта кебірлену процесінің шымданумен қосaрлана жүруі бұл аймақта жиі байқалады. Cондықтан қара қоңыр топырақты аймақта олардың кебірленген тектері мол дaмып және oлардың топырақ жамылғысының кешенді болып келуі байқалaды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет