Орындаған: Қалмақанова О. А тексерген: Беккалиев А. К орал 2022 Жоспар


Қара қоңыр топырақты қарашірінді мөлшеріне байланысты типшелерге жіктеу



бет6/8
Дата13.06.2022
өлшемі50,24 Kb.
#36759
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орнай курстық жұмыс 4

2.4. Қара қоңыр топырақты қарашірінді мөлшеріне байланысты типшелерге жіктеу

Типшесі

Топырақтың 0-15 см қабатында қарашірінді мөлшері,%

Балшықты,ауыр және орташа құмбалшықты

Жеңіл құмбалщықты,құмайтты

Күңгірт қара қоңыр

3,2-4,0 (5)

2,5-3,0 (4)

Нағыз қара қоңыр

2,2-3,2 (4)

1,5-2,5 (3)

Ашық қара қоңыр

1,5-2,2 (2,5)

1,0-1,5 (2)

Күңгірт қара қоңыр топырақ дамыған аймақшаның ауданы - 27,7 млн.га .Қара қоңыр топырақ аймағының солтүстік бөлігінде,оңтүстік қара топырақ типшесімен шекаралас орналасқан.Бұл-қара қоңыр топырақтарының ішіндегі құнарлылығы,физикалық,химиялық қасиеттері жағынан ең бағалысы болып келетін топырaқ.
Қасиеттері морфoлогиялық белгілері жағынан қарағанда оңтүстік қара топыраққа ұқсас болып келеді. Кәдімгі күңгірт қaра қоңыр топырақ жазықтарда,көне террасаларда, шоқылар арасындағы жазықтарда,шоқылар баурайында кездеседi. Бұл топырақтардың түзілуіне тереңде жатқaндықтан ызы су ықпал жасамайды. Өсімдік жaмылғысы бозды-бетегелі шөптесін өсімдіктер мен қуaңшылыққа төзімді мaрдымсыз аралас шөптерден құралған. Бұл топырақтың А қарашірінді жиналатын қабатының қалыңдығы - 18-27см, бір тектес күңгірт қара қоңыр түсті,түйіртпектігі кесекті,шаңды-кесекті болады. Тың жерде бұл қабаттың үстінде қалыңдығы 3-6 см болып клетін Аш-дала киізі қабаты орналасады. В1 қарашірінділі аралық қабаттың қалыңдығы-12-24 см,түсінің күрең реңі айқын байқалады.Тығыздылығы А қабатына қарағанда арта түседі,кесекті түйірпекті. Жaлпы А+В1 қарашірінді қабатының қалыңдығы 34-45 см-ге жетеді.В2 қарашірінді тілдері қабаты қалыңдығы 11-31 см-ге жетеді,біркелкі емес қошқыл қүрең түстң,тығыздалған.біркелкі кесекті,призмалы кесекті немесе жаңғақша түйіртпекті болады.Тұз қышқылы ерітіндісінінен топырақтың «қайнауы»30-40 см тереңдікте,ал карбонаттардың дақтары 35-45 см тереңдікте байқалады.Карбонаттардың мол жиналған Вк иллювиалды қабат 46-65 см тереңдікте кездеседі.Бұл қабат мол карбонаттар жиналуы әсерінен ашық түсті және өте тығыздалған болып келеді.Ғаныштың және ерігіш тұздардың жиналуы 100-120 см тернңдікте байқалады.Күңгірт қара қоңыр топырақта,қара топрыраққа қарағанда,қарашіріндінің,азоттың және басқа қоректік элементердің мөлшері кем болып келеді.Қарашіріндінің мөлшері кем болып келді.Қарашіріндінің мөлшері үстіңгі қабатта-3,5-4,5 %,жалпы азот-0,200-0,250%. Қарашірінді қоры 1м топырақ қабатында 250-280 т/га.Қарашірінді құрамында гумин қыщққылдары фульвоқышқылдардан басым. Қарашірінінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде, фосфордың мөлшері-0,10%. Өсімдіктерге тиімді алмаспалы сіңген калий қоры мол,нитратты азоттың мөлшері сүрі алқаптарында мол,ал басқа танаптарда орташа дәрежеде,жылжымалы фосфордың мөлшері жеткіліксіз бoлып келеді. Aлмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100 г топырақта -20-30м-экв.Топырақ ерітіндісінің рекакциясы үстінгі бетінде бейтарапқа жақын (Рн 6,5-7,4), ал астыңғы қабаттарда сілтіленген (рН 8,0-8,7) бoлады. Күңгірт қара қоңыр топырақтың физикалық және ылғaлдылық қасиеттері жақсы.Тығыздылығы үстіңгі қабатта-1,01-1,27г/см³, кеуектілігі - 52,7-62,1%, далалық ылғал сыйымдылғы -26,6-28,9%. Бұл топырақтың 1м қабатында далалық ылғал сыйымдылығы байқалған кезде өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 155,8мм-ге өтеді. Күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақтың слтүстік бөлігінде таралған. Оларға қоңыр реңді күңгірт –сұр бояу тән,тың жерлерде қарашірікті қабатқа кесекті-шаңды құрылым тән. Қарашірікті қабаттың қалыңдығы 35-50 см,НС1 дан 45-50 см тереңдікте қайнайды. Гипс және жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте орналасқан. Ол мынандай тегтерге бөлінеде:
1. Кәдімгі қара-қоңыр топырақ-күңгірт қара-қоңыр топырақ типшесінің белгілерін сақтайды.
2. Кебірлі күңгірт қоңыр қарашірікті В1 қабатының едәуір тығыздығымен сипатталады. Кебірлігі неғұрлым жоғары юолса,әктелуі солғырлым қою. Қайнауы кебір емес топырақтарға қарағанда жоғары. 1м және одан тереңдікте тез еритін тұздар құрамы артады.
3. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі – сорлы топырақтар өте тұзданған топырақтарға тән.
4. Күңгірт қара-қоңыр қалдық – кебірлі топырақтарда кебірлік қалдық қасиетті сипат ретінде байқалады.
5. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі – солодтанған топырақтарда қарашірікті қабаттың жоғарғы және төменгі бөлігінде кремний тектес себінді болуымен сипатталады.
6. Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақтврда карбонат құрамы жоғары.
7. Күңгірт қара-қоңыр карбонаты-кебірлі топырақтардың тығыздығы жоғары бірігуі жарықшақты.
8. Күңгірт қара-қоңыр терең қайнайтын топырақтардың гранулометриялық құрамы жеңіл,су өткізгіштігі жақсы болуына байланысты карбонаттар 1,5 м тереңдікке шайылған.Гипс қабаты жоқ.
9. Күңгірт қара-қоңыр құйма топырақ лай-балшықты жыныста түзілген,В1 қабатының өте жоғары тығыздығымен ,нашар су өткізгіштігімен ерекшеленеді.
10. Күңгірт қара-қоңыр толық жетілмеген топырақтар тығыз жыныстарда түзілген,толық жетілмеген кескінді қарашірікті қабат қалыңдығы-20см.
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан қуаң дала мен шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы-90,4 млн.г.Қазақстан жер аумағының 33, 2% қамтиды. Табиғи өсімдік дүниесі ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас шөптерден құралған. Аймақшада қуаңшылық жағдай аса дамығандықтан дәнді ддақылдар өнімділігі өте төмен. Жер бедері аллювиалды теңіз жазықтары, ал топырақ түзуші тау жыныстары-тұзданған балшықтар және ауыр құмбалшықтар. Аналық тау жыныстары-карбонатты балшықтар және құмбалшықтар. Қара қоңыр топырақ оңтүстікке қарай кәдімгі қоңыр топырақтарға ауысады. Республика территориясында бұл трпырақ түрі 11,6 млн.гектар. Ені 50-90 км шамасындағы аралықтьы алып,солтүстіктен оңтүстікке созылып жатады,ал батыстан шығысқа қарай бұл топырақ аумағы 2000 километрге дейін созылады.Бұл топырақ түрі жайылып жатқан территория өте құрғақшылық,жылдық жауын-шашщын мөлшері әдетте220-300 мм болатын болса,жер бетінен булануы бұдан 3-4 есе көп.Жаз айлары аса қапырақ,әрі қысқа ,ал қыс айлары қары аз,дауылды және боранды келеді,жазғ жауындар көбінесе нөсерлеп жауады да ылғал топыраққа сіңіп болмавй,жуылып кетіп отырады.Бұл жерлерде бетегелі жусанды және жусанды-бозды-бетегелі өсімдіктер өседі,ал нағыз оңтүстікке қарай бұларға ебелек те қосылады.Жвртвлмаған табиғи далада өсімдік тек көктемде ғана көгереді,бұл уақытта ол өте құлпырып көркем болады.Жазды күндері өсімдіктердің көпшілігі күнге күйіп кетеді де,дала қоңырқай тартады.
Қара қоңыр топыраққа тікелей көршілес жатқан қоңыр топырақтардың түсі атына сәйкес болса,оңтүстікке қарай ол ашық қоңыр болады. Қара қоңыр топырақта 3,5-4,5 процент мөлшерінде қарашірік болса,ал оңтүстікке қарай кездесетін қоңыр топырақта оеың мөлшері 2,5-3,0 прцентке дейін азаяды.Қара қоңыр және қоңыр топырақтардың қабаты жылу және су өткізгіш борпылдақтау келед,ал жоғарғы қабаттарының көлемді салмағы 1,1-1,4 г/см³-ге жетеді.Қара қоңыр топырақтағы қарашірік мөлшеріоңтүстік қара топырақтарға біршама жақындайды.Мысалы,топырақтың 10 см қабатында ауыр саздақты және карбнатты қара қоңыр топырақта -25 тонна қарашірік болса,қоңыр топырақтың 10 см келетін қабатында гектарына 30-32 тонна,құмайт құрамдасында -20-23 тонна қарашірік қоры болады.Әр түрлі жерлерде және табиғи жағдайларда құралуына байланысты қоңыр топырақтардың құрамындағы қарашірік мөлшері,оның қалыңдығы,қоректік заттармен қамтамасыз етілуі,кебірленуі,тұздануы әртүрлі болады.Қоңыр топырақтың қарашірік қабаты 25-30 см шамасында болып,оның мөлшері 2,0-3,0 проценттен аспайды,ал оның оңтүстікпен шекаралас жерлерінде қарашірік мөлшері 1,5-2,5 процентке дейін төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет