III Қорытынды. Ашық қара қоңыр топырақ шөлейт аймағында дамыған. Ол Павлодар және Ақмола облыстарының оңтүстігінде кездеседi. Бұл топырақ аймақшасның өсімдіктері жусанды, бозды,бетегелі шөптер тобы.
Топырақ түзуші тау жыныстары қатты, тығыз ау жыныстарыны бұзылуынан пайда болған.Олардың құрамында қиыршық тас басым болады. Ашық қара қоңыр топырақта қарашірік мөлшері аз, топырақтың сіңіру кешеніне натрий иондары мол , карбонатты қабат жоғарырақ көтерілген және қарашірік қабаты жұқа болады.
Бұл топырақтың А қабаты қоңыр түсті , қалыңдығы 10-15 см , сәл тығыздалған , шаң-тозаңды кесекті түйіршікті болып келеді.
Химиялық су және физикалық қасиеттері күңгірт және нағыз қара қоңыр топырақтарымен салыстырғанда нашар.
Тұздардың топырақтың беткі қабаттарына жинауының әсерінен бұл топырақта кебірлену белгілері мол таралған.
Ашық қара қоңыр топырақта тек қана суландыру арқылы егіншілік жүргізуге болады.Қазіргі жағдайда бұл аймақта топырағын мал жайылымы ретінде пайдаланады.Қоңыр топырақтарқұнарлылығы эәне қарашірік қабатының қалыңдығы жөнінен жеңіл саздақты және құмайтты құрамды қоңыр топырақтар басқаларынан құнарсыздау болады.Қоңыр топырақтар да физикалық және агрохимиялық қасиеттері жөнінен қара қоңыр топырақтарға жақын келеді.Бұл топырақты жерлердің де негізгі кемшілігі – құрғақшылығы , ылғал мөлшерінің жетіспеуі болып табылады.Ылғал мол болған жылдары бұл топырақтар аймағында егілген егістен мол өнім алынады.
Қара қоңыр топырақ қара топыраққа қарағанда құнарсыздау келеді.Оның құрамында 3-4 % гумус болады , ал қарашірік қалыңдығы 40-50 сантиметрден аспайды.Солтүстіктегі қоңыржай дала белдемінен оңтүстікке жылжыған сайын ылғал азайып, күн қатты ысиды.Осыған байланысты өсімдік түрлері азайып,сирей бастайды.Мұндай өсімдіктер топыраққа мардымды органикалық қалдықтар қалдырмайды.Сондықтан бұл қалдықтардың ыдырап,топырақ қара шірігін түзгенде , қара топырақты белдемдегідей қара түске боялмай , түмі қара қоңыр түске боялады.
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ереше.Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мдени өсімдіктерге айналдыра бастады.Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты.Топырақ ауылшаруашылығы өдірісінің негізгі құрамы құрамы бболып табылады.Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтқыштар бар.Бейорганикалық,тыңайтқыштар құстың саңғырығы , малдың тезегі және т.б осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығыөте төмендеп бара жатыр.1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін ыртып тастады.Артынан ол жерлер игерілмей қараусыз қалды.Осы кезде Қазақстан жерлернің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара қабаты ұшып кетті.Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады.
Топырақтың адамзат үшін маңызды.Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын.Егер бұрыңғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы , себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жержыртып , егіншіліпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіне айналды.Сондықтан адам баласы ежелден табиғи байлыққа ерекше қарайды.
Топырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты.Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты.Тиімді құнарлылық тыңайтқыш қолдануға , топырақты ұтымды өңдеуге және т.б шараларға байланысты.
Қорыта келгенде, топырақ – табиғаттың қымбат байлығы , құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің арқауы. Топырақ құралуы кезінде оның бойында әр түрлі үрдістер қалыптасады және олардың қарқындылығы , қосарлана журуі топырақтың түрлі қасиеттерін,морфологиялық белгілерін қалыптастырады.Топырақтың белгілі бір түрінің түзілуіне ықпал етеді.Аты әлемге әйгілі эколог Ж.Дорост топырақтың маңызын төмендегідей сипаттаған:»Топырақ біздің ең қымбат байлығымыз . Ол құрлықтағы табиғи және жасанды биоценоздар кешенінің баянды ортасы.Сайып келгенде тіршілік жердің ең бетінде орналасқан жұқа қабатында тәуелді».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Қ.Ш.Жаңабаев С.С.Арыстанғұлов «Агрономия негіздері»
2. М.М.Мамышов «Топырақ және өсідік экологиясы
3. Е.Жамалбеков Р.Білдебаева « Топырақтану және тлпырақ географиясы мен экологиясы»