Гомойотермия жоғары сатылы жануарларға тән - сыртқы орта температурасының өзгеруіне қарамастан ( дене ядросының температурасы -2С қа дейін ауытқиды) дене температурасын өздері реттей алады және оны тұрақты деңгейде ұстайды
Дененің әр түрлі бөлімдерінің температурасы
Қолтық – 36о-37о
Ауыз қуысы – 37,2о-37,5о
Тік ішек – 37,5о-37,9о
Ішкі ағзалар – 37,8о-38о
Бауыр – 38,5о-39,5о
Кеуде – 30о-34о
Қол – 29,5о-33о
Аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы - 22о
Зат алмасу қарқынына байланысты ішкі ағзалар температурасының бір – бірінен айырмашылығы бар.
Бауырда - 37,8-38,0С, бас миы– 36,9-37,8С, белсенді қимыл кезінде қанқа бұлшық еттерінің температурасы 7С-қа дейін артады. Тәуліктік ырғақ ішкі ағзаларда тыныштық кезеңде – 0,2-1,1С - «дене ядросы» (нағыз гомойотермді)
- тері және беткей жатқан қаңқа бұлшықеттерінің тәуліктік ырғағы 0,5-11С- «дене қабығы» (пойкилотермді)
Негізгі жылу реттелу орталығы – гипоталамуста
Афференті ақпарат тері, қан тамырлары, ішкі ағзалар және өзіндік жылу сезгіш нейрондар рецепторлрынан алады
Дене температурасның тұрақтылығы жылудың пайда болуы (химиялық) мен жылудың шығарылуы (физикалық) арасындағы тепе-теңдігі – баллансқа байланысты.
Химиялық жылу реттелу механизмінің қысқаша сипаттамасы (жылудың пайда болуы)
Жылудың түзілуі заттар алмасуымен, белоктардың, майлар мен көмірсулардың тотығуымен байланысты.