ауа температурасы – конвекция, жылу берілудің мүмкіншілігін және белсенділігін, сонымен қатар, радиацияның эффективтілігін анықтайды
ауа ылғалдылығы – булану арқылы жылу берілудің эффективтілігін анықтайды
ауа қозғалысының жылдамдығы (жел) конвекция арқылы жылу беруді анықтайды
сыртқы қысқатолқынды инфрақызыл сәулелердің температурасы - конвекция, жылу берілу, радиацияның эффективтілігін анықтайды
Негізгі жылу реттелу орталығы – гипоталамуста
Негізгі жылу реттелу орталығы – гипоталамуста
Афференті ақпарат - тері, қан тамырлары, ішкі ағзалар және өзіндік жылу сезгіш нейрондар рецепторларынан алады. Гуморалдық реттелуді ІСБ гормондары жүзеге асырады (қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті бездері, жыныс бездері).
Гормондар: АКТГ, соматотропин, тироксин, адреналин, норадреналин, жыныс гормондары.
Изотермияның реттелуі
Терморецепторлар:
1. Шеткі (тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары).
Орталық (гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы) - суық рецепторлары (Краузе сауытшалары) - жылу рецепторлары (Руффини денешіктері)
Салқындық рецепторлар белсенділігі 20-30С температура аралығында артады, салқындық артқан кезде импульсация жиілейді; тез жылыған кезде жиілік азайып, тоқтауы мүмкін.
Жылулық терморецепторалар 38-43С температура аралығында белсенділігі максимум деңгейіне дейін артады, салқындық сезілген кезде импульсация жиілігі төмендейді.
Тері бетінде арнайы полимодальды ноцицепторлар кездеседі, қоршаған температура 45С-тан асқан кезде олардың қозу белсенділігі артып, тері бетінде күйген сезім пайда болуын қамтамасыз етеді.
Импульстер терморецепторлардан афференттік жүйке талшықтарының бойымен жұлынға келеді, жұлын-таламус жолымен таламусқа, гипоталамусқа және ми қыртысына келеді.
Гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық жылу реттелуін қадағалайды.
Гипоталамустың артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды.