Орындаған: Асқарова Алтынай Тексерген: магистр, аға оқытушы Тауова. Н. Р. магистр,аға оқытушы – Қуанышбек. И. К


Қазақстандағы мұнай өндіретін қалалар және олардың проблемалары



бет2/3
Дата12.07.2023
өлшемі377,16 Kb.
#104247
1   2   3
Байланысты:
Ғылыми жоба

Қазақстандағы мұнай өндіретін қалалар және олардың проблемалары.
Қазақстан – өте бай мемлекет. Себебі біздің елде химияның периодтық кестесіндегі элементтердің көбі, мұнай, көмір және т.б қазбалық отындар кездеседі. Солардың бірі қазіргі таңдағы мұнайдың астанасы болып отырған- Атырау қаласы. Атырау қаласынан алғаш мұнай табылып, осы жерде алғаш рет өндіріліп, одан өнім алғаны көпке мәлім болған еді. Содан бері Атырау қаласында көптеген мұнай өндіретін зауыттар мен фабрикалар салынған болатын. Солардың ең ауқымды түрі- Тенгиз мұнай кен орны болып табылады. Бұл компания бірнеше жылдар бойына мұнай өндіріп, Қазақстанға мұнай өнімдерін әкеліп отырған компаниялардың бірі. Компанияда өте көп адамдар қызмет етеді, себебі Тенгиз бір үлкендеу қалашықты құрап отырған зауыт болып саналады. Алайда осы Тенгиз компаниясы іске қосылғаннан бері , Атырау қаласының экологиялық хал жағдайы өте күрт өзгеріп кеткен болатын, яғни мұнай өндіру кезіндегі экологиялық проблемасының құрбаны болған осы – Атырау қаласы болатын. Атырау қаласы экология жағынан ауасы өте лас,ауа райы мүлдем тұрақсыз қала болып табылады. Мұнай өндіргендіктен қазіргі таңда үлкен проблемаға ұшырап отыр.Бұл қала өзің ғана құртып қана қоймай, Ақтау қаласының құртылуына да себепкер болып отыр. Себебі осы мұнайдың қалдықтары Ақтау қаласынлағы “Каспий” теңізіне төгіліп отыр. Осы тұсты екі қаланың проблемасына айналып отырған мұнайды өндіру жұмысын еш тоқтатқан емес. Күннен күнге ауаның ластанғаны соншалық, Атырау қаласында мүлдем жасыл өсімдіктер, ағаштар өсіп, жайқалмайды. Ауасы өте тым-тырыс, себебі ешқандай өсімдік пен ағаш өспегесін ауаны тазартатын мүмкіндік жоқ.Қазіргі осы қалалардағы өзекті проблема- біріншіден, ауаның ластануы, екіншіден,ешбір өсімдіктердің өспеуі,үшіншіден, судың ластануы. Әзірге бұл проблемалардың шешілу жолдары қарастырылып жатқан жоқ.
Проблеманы шешу жолдары және ұсыныстар.
Проблема туындағаннан соң, шығу жолын, тығырықтан немесе шытырманнан шығу жолын іздестірген өте дұрыс шешім. Алайда, экологиялық проблемаға келгенде тығырықтан шығу өте қиынға соғады. Себебі экологиялық проблеманы шешу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі таңда біздің Қазақстанның да мұнай өндіруден қауіп төніп отырған қалалары қыл үстінде тұр. Атырау қаласы мен Ақтау қаласының проблемаларының шешімі әлі күнге дейін ізденіс үстінде, бірақ мұнай өндіруде тағатсыз жалғасып отыр. Негізінен, проблема жылдам шешіліп қалмайды,себебі бұл жалғыз бір мемлекеттегі немесе бір қаладағы проблема емес, бүткіл дүниежүзін қамтып отырған проблема. Сондықтан нақты шешілуге әлі нақты ұсыныс жоқ.
Осы тұста Атырау қаласының мұнай өңдіруден туындап отырған проблемасына ұсыныстарымды айтқым келеді. Жалпы XI ғасыр технологияның дамыған кезеңі болғандықтан, қазір тіпті үй жинайтын, адам баласымен тілдесе алатын роботтар шығарылуда. Осы тұста мен мұнайды фабрика, зауыттар арқылы емес, дамығвн технология арқылы өндеуге ұсыныс тастағым келеді. Технологияның дамыған заманында неге бізге берілген мүмкіндікті пайдаланып қалмасқа? Адазатпен сөцлесуге арналған робот шығарылса, демей мұнайды түтінсіз, қалдығын кері өңдеп шығаратынына сенуге болады. Сонда біріншіден қаланың ауасы таза болса, екіншіден суға ешқандай қалдықтар төгілмейді, кері өңдеп шығарылады. Осы ұсынысты қарастыруға ұсынамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет