Атырау облысы
Х.Досмұхамбедов атындағы Атырау университеті
Факультет:Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары
Кафедра:Химия дәне химиялық технология
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Мұнай өндірудің экологиялық проблемалары »
Орындаған:Асқарова Алтынай Тексерген: магистр, аға оқытушы - Тауова.Н.Р. магистр,аға оқытушы – Қуанышбек. И.К
Мазмұны
Аннотация 3 Кіріспе 4 Экологиялық проблема және мұнай туралы түсінік 6 Мұнайды өндіру жолдары. 8 Мұнай өндірудің пайдасы мен зияны. 9
Аннотация Бұл жобада жалғыз бір елді ғана емес, бүткіл дүниежүзін қамтыған проблема қозғалған. Қозғалып қана қоймай, оның туындауын, қалай өрбіп, шешілу жолдары да ұсынылған. Мұнайдың тигізетін пайдасынан зияны көп екені мәлімденген.. Мұнай өндірудің толығымен зиянды екені жазылған. Мәліметтер нақты, әрі деректермен дәлелденген.Жобаның көздегені тек проблеманы айту ғана емес, мұнай туралы көп адам білмеген тың деректерімен бөлісу болып табылады. Сонымен қатар, мұнайды экологияны ластамай-ақ өндіруге болатыны туралы сөз қозғалынады. Адамдардың өзінің қара басы үшін істеген әрекеттері, осыншама үлкен экологиялық проблеманы туғызып, үлкен деңгейге жеткізуі жайлы жазылды. Болашақта осы проблема шешімсіз қалмайтыныңа сенім артамын. Себебі “Шешілмейтін түйін жоқ,ебін тапса, Жазылмайтын ауру жоқ, емін тапса,,- деп бекер айтылмаған.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат баласына берілген бағасы жоқ байлықты дұрыс қолданбай, өзінің пайдасы үшін өзіңе де, айналасына да залал келтіру. Мұнай өндіру-қазіргі таңда мемлекеттің алға қарай жылжып,дамуына көмек береді. Сонымен қатар экономикалық тұрғыдан мемлекеттің мықты болуына әсер етеді. Алайда, мемлекетте жайнаған табиғат, яғни экология болмаса, мемлекет алға қарай қадам басуы мүмкін емес. Осыған байланысты мұнай өндірудің қазіргі таңда экологиялық проблемалары өзекті мәселе болып табылып отыр. Мұнай өндіру арқылы, біріншіден, экологияға залал келтіріп отырса, екіншіден адамзат өздерінің өмірлеріңе қатер төндіріп отыр.Мұнайды өндіру,тасылмалдау,пайдалану бізге айтарлықтай пайда әкелгенімен,өмірімізге қаншалықты балта шауып отырғанымыз айтуға қиын.«Қолда бардың қадірің біл»- деп халық қалт айпаса керек, қолымыздағы баға жетпес байлықты өзіміз ластап , өзіміз тыныс алып отырғанымыз таң қаларлықтай дүние. Мемлекеттің экономикасын өсіреміз деп, өзімізді рухани тұрғыда өлтіріп жатқанымыз болса керек, ауаның ластануы сөзсіз шектен тыс көбеюде. Көзге көрінбесе де, денсаулығымыздың түбінде бір жерін тесіп шығатыны шынайы бейне. Қазір денсаулықты емес, құны жоқ ақшаны ойлайтын заман деп, адам баласының шектен тыс әрекеті, қоршаған ортаға зиян тигізіп жатқанын ешкім ойлағысы келмейді,сондықтан қазіргі біздегі табиғатты не құны, не қадірі қалмады.
Жұмыстың мақсаты: Мұнай өндіру - мемлекетке қаншалықты тиімді болса, соншалықты қоршаған ортаға,адам өміріңе зиян екенін дәлелдеп, одан туындаған проблеманы қолға алып, шешу жолдарын ұсыну.
Жұмыстың міндеттері: Осы ғылыми жобаның мақсатына жету үшін осы мәндеттер қойылады:
- Мұнай өндірудің пайдасы мен зиянын анықтау;
- Мұнай өндіруден туындайтын проблемаларына тоқталу;
- Қаншалықты мұнай өндіру бізге тиімсіз екенін түсіндіру;
- Пайда болған проблемаларды тиімді шешу жолдарын ұсыну;
- Экологияны қорғау туралы заңдарды енгізу.
Экологиялық проблема және мұнай туралы түсінік Экологиялық проблема – дүниежүзі бойынша қозғалған мәселе. Әр елде экологиямен өте ауқымды шешімі әзірге табылмаған мәселелер туындайды. Бірінде қоқыстардың көбеюі, бірінде зауыттардан шыққан газ-түтін, яғни ауаның ластануы, кейбіреулерде судың тапшылығы экологиялық проблеманың айқын бейнесі. Экологиялық проблема туындаса, мемлекеттің өмірі қыл үстінде тұр деп есептеуге болады. Себебі оның шешімі аздаған уақытта табылып, одан нәтиже жылдам шыға бермейді. Оның шешімін табу үшін арнайы ғалымдар жылдар бойы ойланып, жоспар құрып, ғылыми жобаларын ұсынады. Ұсынылған жоба ойдағыдай болса, сәтті болуына 100% кепілдік қана берілсе ғана проблеманы шешу жолдары қолға алынады. Осындай экологиялық проблеманың бірі,өте ауқымды, әлі күнге дейін шешу жолдары ешбір елге мәлім емес проблема - мұнай өндіру. Мұнай дегеніміз – химиялық қосылыстардан тұратын, ерекше өзіне тән иісі мен қасиеті бар, жанғыш сұйықтық. XX-XXI ғасырдың пайдалы , әрі табыс көзі болып табылады. Осы мұнайды өндіру арқылы көптеген мемлекет экономикасы жоғары деңгейге көтеріліп, адам танымастай болып өзгеріп, даму үстіне шығып отыр. Адамзат баласы осы мұнай арқылы өнеркәсіпте өзімізге қажет , күнделікті керек дүниелерді өңдіріп, күн көріс жасап отыр.Мұнай дегенде бірден транстпорт пен энергетиканың негізгі қозғаушы күші деген түсінік ойға оралатыны бар. Бірақ мұнай тек сол салаларға ғана емес, күнделікті өмірімізбен сабақтасып жатқан 6000 немесе одан да көп тауарларды өндіруде пайдаланылады. Бұл дегеніміз күнделікті тұтынатын тауарлардың басым бөлігі мұнайды өндеу кезінде шығатын өнімдермен тығыз байланысты деген сөз. Мәселен , қазіргі өмірде медицинада да, косметикада дамұнайдың үлесі бар:вазелин,аспирин,ерін далабын жасауда т.б.Балауыз шам мен түрлі-түсті парафин қарындаш,пластилинмен қатар , сағызда да өзіндік үлесі бар. Киім фабрикасында қолданылатын нейлон материалы- мұнайдың жемісі. Тіпті Күн батареясы панелін жасауда да мұнайдан өнделген тауар пайдаланылады![1] Мұнай кез келген қалаларда бола бермейді, сол үшін де мұнай бар қала – өте бай қала, әрине табиғат жағынан емес. Мұнай елге пайда әкелетіні сөзсіз, алайда оны өндіру көптеген зиян екені бәріне мәлім болса да, көз жұмып қарап, экологиялық проблеманы туғызып отыр.
[3]
Мұнайды өндіру жолдары.
Мұнай ежелгі уақыттан бері қолданылып келеді, бірақ бірінші өндіру керосин жасау болды. Оны 1840 жылы шотландтық Джеймс Янг жасаған. Негізінен ол жану отыны ретінде қолданыла бастады. Осыдан бастап өндірістік дистилляторлар пайда бола бастады. 1859 жылы Пенсильванияда алғашқы мұнай ұңғымасын бұрғылаған Эдвин Дрейк болды. Мұнай кен орындарын ашудың көптеген әдістері бар, негізінен сол жердің геологиясын зерттеу арқылы. Геологтар - бұл жердің ішкі құрылысын зерттейтін және белгілі бір аймақтың жердің беткі қабатын қарап, мұнайдың пайда болуына жарамдылығын анықтай алатын мамандар. Сондықтан, тау жыныстарының қандай түзілу түрін мұнай іздеуге болатынын біле отырып, түрлі сынақтар өткізіледі, оған жерасты жарылыстары кіруі мүмкін, содан кейін жарылыстардан пайда болатын сейсмикалық толқындар зерттеледі, бұл оның не екенін дәл білуге мүмкіндік береді. Осылайша мұнай ұңғысы пайда болады. Ұңғы мұнай кен орнындағы геологиялық қабатта ұзын тесік бұрғылау арқылы жасалады. Арнайы машинамен бұрғыланған ұңғымада ұңғыманың құрылымдық тұтастығын қамтамасыз ететін болат құбыр төселген. Техниканың бетіне клапандар тізбегі орналастырылған, олар көбінесе шыршалар деп аталады және қысымды реттеуге және май ағынын басқаруға жауап береді.[2].
Мұнай өндірудің пайдасы мен зияны. Әрбір заттың өзінің әкелетін пайдасы мен зияны болады. Себебі жақсы жағы мен жаман жағы үнемі қатар ілесіп жүретіні мәлім. Мұнай өндірудің де пайдасы мен зияны жетерлік. Ең бірінші пайдасына тоқталатын болсақ, мұнайдың осындай пайдалары бар:
Мемлекет экономикасын көтеруге көмектеседі;
Халықты бүткіл керек жабдығымен қамтамасыз етеді;
Дамыған елдер қатарында болуға септігін тигізеді;
Жұмыспен қамтамасыз етеді.
Осындай пайдалары арқылы мұнай бізге үлкен көмек беріп отыр. Себебі мұнай бізді толықтай ел болып қалыптасуымызға себепкер болып отырған рас. Алайда оның үлкен зияндары бар. Олар:
Түрлі фабрика, зауыттар пайда болып, ауаны ластайды;
Адам өміріне үлкен қауіп әкеледі.
Нақты дәлелге тоқталатын болсақ, мұнай адам өмірін шектеп отқаны рас. Пайдасынан қарағанда зияны ауқымды екені белгілі. Себебі пайдасы ол жай ғана дүние, оны адамзат баласы қолдан да жасай алады, ал өмірлерін екінші рет ала алмайды. Себебі мұнайды фабрика, зауыттар арқылы өндіргендіктен, одан түрлі газдар, сұйықтықтар шығады,ауаға сіңеді. Ал біз солмен тыныс аламыз, ол біздің денеміздің барлық ағзасына сіңеді. Осылайша, біз өз өмірімізді қыл үстінде қойып отырмыз.