Орындаған: Асылбек Риза Топ: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, ДПМНО 303с Пән: «Балалар әдебиеті» «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Тақырыбы:ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗБалалар фольклоры (Балалар ауыз әдебиеті) Семей қ, 2023
Балалар ауыз әдебиеті
Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланың жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені “Адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам –жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне балаларға осыны ұғындыру керек.” деген М.Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап айтқан өлең, жыр, ертегілерден басталады.
Бізге балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды.. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысымен шұғылданған педагогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға , тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.