Балалар поэзиясына қатысты ауыз әдебиетінің жанрлары бұл айтылғандармен бітпейді. Өтірік өлеңдердің, жағылтпайтар мен жұмбақтардың, мақалдар мен мәтелдердің бала тәрбиесінде атқарар қызметі де аз емес. Бұлар, көбінесе, бала ұғымын , түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда, оларды жақсы, үлгілі істерге баулуда маңызды роль атқарады. Мысалы, жаңылташтарды айту баланың тіл тұстартуына, оның кекештенбей , жатық, асықпай сөйлеуіне көмектеседі.

Жаңылтпаштарда айтылуы қиын белгілі бір сөздер қайталанып, сол тпектес екінші бір сөздермен әдейі шатастырылады. Бала соларды айырып, орын ауыстырмай, шатастырмай айтуы керек. Егер айта алмаса отырған жұрт күлетін болады. Ата – ана бала тілін қызық көре , күле отырып, оны дұрыс сөйлеуге үйретеді [1-296 б].
Жаңылтпаштың сөздері, көбінесе, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Мысалы:
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды.
Балаларға арналған халық өлеңдері өте күрделі болумен қатар, оның өзі әр алуан. Балалар өлеңінің кейбіреулері белгілі сюжетке, қою оқиғаға құрылады да, өлең шумақтары біріне-бірі тығыз байланыста келеді. Кейбір өлеңдер белгілі сюжетке, қою оқиғаларға құрылмайды. Олар бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысады, тез өзгере береді. Өлең шумақтары бір-біріне байланыссыз тұрады. Мұндай өлеңдердің бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысып, тез өзгеру себептері баланың жастық ерекшеліктері мен білім көлеміне байланысты.