Оқу орны: Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Тақырыбы: Менің арманымдағы Қазақстан
Орындаған: Азимхан Диана Аскарқызы
Мамандығы: « Қазақ тілі мен әдебиеті», 2 курс
Телефон: 87712418535
Электронды почта: azimhandiana2004@gmail.com
Менің арманымдағы Қазақстан
«Қазақстан» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтата айтып келемін. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етпеу мүмкін емес. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені баршаға аян. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары… Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Олардың халық үшін жасаған, елдің болашағы үшін атқарған ұлы істері ешқашан ұмытылмайды. Бәлки, ұлт жадында сақталып, әрдайым асқақтай, жаңғыра бермек.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Асқақ арман мен жүйелі мақсаттардың арқасында биікке қанат сермеді. Елдіктің еңселі туы қалыптасқалы бері атқан оқтай зулап, табандатқан 31 жыл өтті. Қазақстанның отыз бір жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бір қарарлық. Қаншама қиындықты артқа тастап, қазірде мықты дамушы елдердің қатарында, еңселі елдермен теңесіп, әлемде өзіндік орны бар мемлекет болып келеміз. Жалпы менің арманымдағы Қазақстан – алдыңғы қатардағы дамыған елдердің қатарына кірген, өзін жан-жақты салада дәлелдеп көрсеткен мемлекет болса деймін. Әрине, тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда еліміз біршама жетістіктерге жетті. Білім жүйесі дамыған, құндылығы жоғары, жемқорлық жоқ мемлекет.
Осы ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған сүбелі істері туралы айтпай кету жөн болмас. Президент мырза 2019 жылы басшылық тізгінді қолға алып, елдің билігін ұстады. Сол сәттен бері үш жыл уақыт өтті. Байқап, өткенге ой жіберіп қарасақ атқарылған жұмыстардың қарасы қалың. Үш жыл еліміз үшін ауыр әрі қиын жылдардың бірі болды. Арыстан арыстандай ақырып жарылыс болса, екі жылдық індет елдің қабырғасын майыстырды, иғына ілінген ауыр жүктей жаныштады, нәумез шақты бастан өткеруге мәжбүрледі. Ал мемлекет басшысы қиын тұстарда өзіндік оғылан, ойлы азамат екенін анық дәлелдеді. Күні кеше ғана орын алған Аманқарағайдағы жарылыстың өзі оның айқын айқармалық көрінісі десек қателеспейміз. Осындай ұлы қазақ елін басқарып жүрген жаңашыл азаматтың арқасында менің арманымдағы Қазақстан күннен-күнге көрініс беріп, көркейіп, орын алады деген сенімдемін!
Достарыңызбен бөлісу: |