Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Эссе
Қазақстан Республикасында ғы критериалды бағалау жүйесінің нормативтік – құқықтық негіздері
Орындаған: Бағдатова А.
Тексерген. Баймухамет Роза
Алматы-2023
Критериалды бағалау жүйесі формативті бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.
Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдын-ала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.
Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.
Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.
Бағалау жүйесі мұғалім мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қолдауды және ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.
Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға, балаларына берілгендей, өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беріледі.
Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:
- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
«2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.
Білім алушының бағалау қызметі үшін:
үнемі әртүрлі бағалау түрлерін қолдану (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);
білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өз бетінше дайындау және таңдап алу;
бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алу;
кері байланысты үнемі қамтамасыз ету қажет.
Мұғалім:
1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
3) бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе «НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;
4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;
6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.
Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге болмайтынын білуі тиіс.
Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.
Ескерту! Сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.
Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді.
Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:
1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде, үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.
2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді;
5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін БЖБ және ТЖБ оқу тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.
Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.
Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
Өзін-өзі бағалаудың басты мақсаты - білім алушы өзін-өзі бақылайды, реттейді, оқу жетістіктерін өз бетінше сараптайды. Өзін-өзі бағалау:
білім алушының нақты бағалау критерийлерін қабылдауы немесе бағалау критерийлерін бірлесіп әзірлеуі;
оқу тапсырмасымен танысуы;
критерийлер бойынша өзін-өзі болжамды бағалауы (орындай аламын ба?, барлығын орындай аламын ба?, тапсырманың жартысын орындаймын?);
рефлексивтік өзін-өзі бағалауы;
қателермен жұмыс жасау сияқты рәсімдерден тұрады.
Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауынан бұрын өткізілуі тиіс.
Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға тырысады, сондай-ақ қателерінің себептерін табады.
Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады.
Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.
Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады.
Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі – топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес.
Оқу пәні мен оқыту мақсаттарының жүйесіне сәйкес оқу пәндері бойынша бағалау критерийлері әзірленуде.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.
- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;
тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».
Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, «Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты дыбысы бар үш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз».
Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
- білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;
- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;
- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.
Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.
Мұғалім білім алушыларға өзара әрекеттестік-тің, конструктивті қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.
Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.
Формативті бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу процесінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді.
Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.
Формативті бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |