Жалпы зәр анализі көлемі - 100,0,тығыздығы– 1021,бозғылт-сары, мөлдір, ақуыз – теріс, гликемия - 0,12 ммоль/л, лейкоцит – 0-1 көру алаңында, эритроциты – 0-1 көру алаңында, жалпақ эп.-2-3 көру алаңында, ацетон -0,15
Биохимический анализ крови: жалпы билирубин -13 мкмоль/л, тікелей билирубин – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 ед (норма 0-40 ед), АСТ 40,3 ед (норма 0-37 ед), холестерин 3,3 ммоль/л (норма 3,1-5,2 ммоль/л), креатинин – 68 ммоль/л, жалпы ақуыз - 68 г/л (норма-64-83);
Гликемиялық профиль: гликемия деңгейі аш қарынға – 15ммоль/л, постпрандиальді гликемия- 19ммоль/л, HbА1С – 8, 2 % (норма 4-6,4%), инсулин аш қарынға – 5,1мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л), С-пептид деңгейі –0,98 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл).
ЭКГ: синусты тахикардия, ЖЖЖ-90 соққы мин, вольтаж орташа.
1.Жетекші синдромды анықтаңыз және жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізіңіз (3 нозология)
Жетекші синдром – гипергликемия синдромы. Бұл синдромды негіздейтін болсам науқас анализіндегі гликемиялық профиль гликемия деңгейі аш қарынға – 15ммоль/л, постпрандиальді гликемия- 19ммоль/л, HbА1С – 8,2 % (норма 4-6,4%), инсулин аш қарынға – 5,1мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л), С-пептид деңгейі –0,98 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл). Гипергликемия бірнеше нозологияларда кездеседі. Науқасқа қант диабетінің 2 типімен, MODY диабетпен жәнеде қант диабеті 1 типі бойынша ажыратпалы диагноз жүргіземіз.
ҚД І типі
|
ҚД ІІ типі
|
MODY -диабет
|
Тұқымқуалауға бейімділік болмайды.
Дене салмағының төмендеуі
Әдетте симптомның тез дамуымен жүреді.
Ауру манифестациясы кезіндегі науқас жасы: балалық шақта н/е 15-24 жас
Симртоматикасында айқын көрініс береді.
Инсулин көлемі/қандағы С-пептид – төмен/болмайды
В клеткасының антигеніне қарсы антидене – анықталады
Кетоацидоз қаупі – жоғары
Инсулинрезистенттілігі – жоқ
Пероральды қант төмендететін препараттармен терапияға жауап – анықталмайды
Инсулинге қажеттілік – өмір бойы
Науқастың 18 жаста болуы, сырқаттың жедел басталуы, инсипидарлы синдром айқын болады, науқастың келтірген шағымдары - ауыз қуысының айқын құрғақтығына, шөлдегітікке 5 литрге дейін, жиі кіші дәретке баруы осыны растайды, гликемия деңгейі аш қарынға – 15ммоль/л көтерілуі, постпрандиальді гликемия- 19ммоль/л, HbА1С – 8, 2 % (норма 4-6,4%) жоғарылауы, инсулин аш қарынға – 5,1мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л) төмендеуі, С-пептид деңгейі –0,98 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл) төмендеуі сәйкес келеді.
|
Тұқымқуалауға бейімділік болады.
Дене салмағының жоғарылауы
Әдетте симптомның баяу дамуымен жүреді.
Ауру манифестациясы кезіндегі науқас жасы: 40 жастан жоғары
Симртоматикасында айқын емес көрініс береді.
Инсулин көлемі/қандағы С-пептид – бастапқыда жоғары
В клеткасының антигеніне қарсы антидене – анықталмайды
Кетоацидоз қаупі – төмен
Инсулинрезистенттілігі – бар. Пероральды қант төмендететін препараттармен терапияға жауап – жиі кездеседі
Инсулинге қажеттілік – бастапқыда анықталмайды, кейіннен дамиды. Артериялық қысымның жоғарылауы; дислипиемия;
Негізінен 40 жастан асқан адамдарда үлкен жиілікпен кездеседі, бұл жағдайда біздің науқас 18 жаста; 90% пайыз жағдайда абдоминальды семіздік болады, ал науқаста керісінше дене салмағының төмендеуін көреміз(ДСИ-17,3 кг/м2 – дефицит массы тела); ауру ағымы баяу дамиды, ал біздің науқаста ауру жедел көрініс берген; метаболитикалық синдром компоненттерінің көрініс бермеуі: науқас анализіндегі С-пептид деңгейі –0,98 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл) төмендегені көрінеді, қант диабетінің 2 типінде С-пептид қалыпты немесе жоғары болғаны бұл нозологияны растамайды.
|
MODY-диабет жас адамдар мен балаларда жиі кездеседі. Ол көп жағдайда глюкокиназа генінің мутациясы салдарынан туындайды. Біздің жағдайда науқас 18 жаста болуы, дене салмағының азаюына шағымданады, науқастың 1 айда 2 кг арықтағаны және ДСИ 17,3 кг/м2 болуы бұл нозологияға сәйкес келеді. Бірақ MODY диабетте С-пептид ұзақ уақыт қалыпты болады, ол науқаста төмендеген және HbА1С – 7,5 % аспайды, ал науқастағы көрсеткіш 8,5 % пайыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |