Есту мүшесінің дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш функциялары
1) дыбысты өткізу, яғни рейепторға (есту жүйкесінің ұшына) дыбыс тербелістерін жеткізу;
2) дыбысты қабылдау, яғни дыбыс тітіркендіргіштеріне жүйке ұлпасының реакциясы.
Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.
Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады.