Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы тп-18-2к1 Қабылдаған: Ешенулова Эльвира Бауыржанқызы



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі12,29 Mb.
#23167
1   2   3   4
Байланысты:
альбом

есту сүйекшелерінің тербелісі

Ұлу денедегі сұйықтықтың тербелісі

есту рецепторының тітіркенуі

жүйке қозу толқынының пайда болуы.

Дыбыс толқынының таралу жолы: 

Есту мүшесінің сезімталдылығы



ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ



Сыртқы құлақ аурулары

Сыртқы есту түтігінің атрезиясы

Күкіртті қақпақ

Бөгде заттар

Дабыл жарғағының аурулары

Ортаңғы құлақ аурулары

Ортаңғы құлақ катары

Ортаңғы құлақтың өткір қабынуы (өткір ірінді отит).

Отосклероз.

Ішкі құлақ аурулары

Ішкі құлақ дефектілері мен зақымдалулары

Ішкі құлақтың (лабиринттің) қабынуы

Есту жүйкесінің, өткізгіш жолдарының және мидағы есту орталықтарының аурулары

Шу әсерінен зақымдану

Ауалы контузия

.

Отит (Otitis - құлақ қабынысы) - Құлақтың қабынуы



Перихондрит (perіchondrіtіs; грек. perі — айнала және chondros — шеміршек) — құлақ қалқанындағы шеміршек үсті қабатының қабынуы. Перихондрит — сирек кездесетін ауру.

Ерлер әйлдерге қарағанда нашар естиді

Нәзік жандармен салыстырғанда ер адамдар есту қабілетінен айырылу жағдайларына жиі ұшырайды. Мамандардың айтуынша еркектерде қосымша фильтр болмайды.

Көбінесе ер азаматтар шуылдаққа жақын мамандықтарды меңгергендіктен, есту қабілеттерін жиірек зақымдап алады.

Қатты әуен мен сіздің құлағыңыз

Жалпы әуеннің есту қабілетіне еш зияны жоқ, тек мәселенің бәрі қатты дыбыстан басталады.

Әуенді шегіне қойып тыңдау тек клубтар мен арнайы мекемелерге ғана емес, өзіңіз күнде тұтынатын құлаққапқа да қатысты. Құлаққаппен әуен тыңдау құлаққа жиналатын бактерияларды 700 есеге ұлғайтады. Бірақ сіз оны байқамауыңыз мүмкін

Құлақ өзін өзі тазалайтын орган

Құлақ өзін өзі тазарта алады. Құлақ қапталындағы тері тесіктері қорғаныш қабілетіне ие, терінің бетіндегі ұсақ шаштар құлақтағы құлықтарды өзі итеріп шығарып тастайды. Егер құлаққапты дұрыс қолданбасаңыз, құлағыңызға зақым келу қаупі жоғары.



Қауіпті децибелдер

Құлақ ести алатындай болмашы дыбыс 0 децибел болады. Реактивті қозғалтқыштың дыбыс деңгейі 120 децибел болса, қарудан атылған оқтың дыбысы 140 децибел. Егер 8 сағат бойы құлағыңызды 90 децибелдік дыбыспен жүктесеңіз, есту қабілетіне сөзсіз зиян келді деп ойлай беріңіз. 140 децибелден асатын дыбыс жылдам қарқынмен есту қабілетіне зиянын тигізеді.   



Есту қабілетінен айырылу – қалыпты жағдай

Егер 60 жастағы бес адамды мысалға келтірер болсақ, олардың үшеуі есту қабілетінде кінарат бар адамдар болып шығады. Жас шамасы 60-тан асқан қарт кісілердің 40 пайызы құлақ аппаратын қолданады.



Ұлу қабыршағындағы мұхиттың дыбысы

Буырқанған мұхиттың дауысын естігіңіз келсе, ұлу қабыршағын құлағыңызға төсеп көріңіз. Естілген дыбыс әрине мұхит емес, бұл – тамырлары арқылы жүгірген қанның буырқанған дыбысы.



Балалар құлақ инфекциясымен жиі ауырады

Құлаққа су кіріп кетсе, есту қабілетін жоғалтуға болады. Мұндай оқиғалар көп жағдайда балалардың арасында жиі кездеседі. Осының кесірінен құлаққа инфекция түсіп, түрлі құлақ ауруы кездесіп жатады. Шама келсе жеңіл емдеу керек, құлақпен қатты жағаласуға болмайды.



Есту қабілеті және тепе-теңдік

Адамның өзін-өзі тепе-тең жағдайда ұстауына құлақтың әсері мол. Құлақ ұлуының жанында үш негізгі канал бар, олар гироскоп тәрізді қызмет атқарады. Біз өзімізді тепе-тең ұстау үшін және біздің қай жерде жүргенімізден хабар береді. Құлақ инфекциясы бар адамдарға өзін-өзі тепе-тең жағдайда ұстау қиынға соғады.



Спорт және бүлінген құлақ ұңғымасы

Регби ойнайтын спортшылардың құлақ ұңғымасы түрлі-түсті орамжапыраққа ұқсайды. Құлақта сүйек болмайтынын ескерсек, спорттың мұндай түрін сөзсіз құлақты жиі зақымдайды. Сол себепті де регби ойыншылары құлағын жиі жарақаттайды.



Бөбектің есту қабілеті

Балалардың есту қабілеті өте сезімтал келеді. Туа сала балалар ең төменгі 20 герц дыбысты да (фортепианоның ең төменгі дыбысын) естуге қабілетті.



Пілдердің есту қабілеті

Пілдер айналадағы дыбысты тек құлақпен ғана емес, тұмсықпен сосын аяғы арқылы естиді.



Құлаққа немқұрайлы қарауға болмайды  

Құлақ та адам ағзасындағы өзге мүшелер секілді дұрыс қарамаса, жайлы өмір сүруге зиян келтіретін жауапты мүше. Өзге мүшелеріңізге қалай жауапты қарсаңыз, құлаққа да сақ болыңыз. Әсіресе жуынғанда өте мұқият болыңыз, үнемі қауіпсіздік шараларын қолданыңыз, желден қорғаңыз, өте жоғары дыбысты, әуенді құлаққаппен тыңдауды доғарыңыз. Құлаққапты қолданғанда да шегінен асырмай тыңдау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет