Орындаған: Берикболова Томирис но-101 Тексерген: Оспанова Бибигуль Канатовна



Дата08.12.2022
өлшемі198,24 Kb.
#55769
түріБағдарламасы

“Alikhan Bokeikhan University” ББМ

Тақырыбы:Оқыту технологиясы мен әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда әдістемелік іс-шаралар бағдарламасын өңдеу. Мұғалімнің басқару іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мақсатындағы негізгі қадамдар :

Орындаған: Берикболова Томирис НО-101

Тексерген:Оспанова Бибигуль Канатовна

Жаңа педагогикалық технология

  • Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

  • Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 
  • Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жас айды .

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

  • Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан техно логиялардың бірі - осы технология. Мақсат пен міндеттердің о рындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
  • ассоциация;
  • бірлестік қызмет;
  • көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
  • оқу үрдісінде қызығушылық артады;
  • оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
  • оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Деңгейлік саралау технологиясы

  • Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
  • Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
  • Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
  • Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Жеке пәндік педагогикалық технология

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

  • - қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
  • - ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
  • - қабілетті балаларды дамыту;

Өзіндік дамыту технологиясы

  • Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
  • - жан-жақты дамыту;
  • - жекелікті тәрбиелеу;
  • - бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
  • Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
  • Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
  • Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
  • Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • 1.Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.
  • 2.Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.
  • 3.С.Елубаев. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Жалпы бөлім. А., 2006.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет