Орындаған: Болат Диляра Факультет: Кәсіптік оқыту және Кәсіпкерлік Саяси мәдениет пен мінез-құлық



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі22,32 Kb.
#135646
түріНұсқаулар
1   2   3
Саяси мәдениеттің жалпы міндеті - белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлестіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін. Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәднеиетінің жоғарғы, тұрақты болуының кепілі.
Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады: Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:

  • саяси жүйелердің ерекшелігін ұсынады;

  • екіншілері - елдер мен аймақтарды;

  • үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе болуын;

  • төртіншілері - идеологиялық айырмашылықтарды және т.т. ұсынады.

Е. Вятр идеологиялық айырмашылықтарға негізделген саяси мәдениеттердің жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдениетті қарастырады. Дәстүрлі саяси мәдениеттің түрі принципінде құл иеленушілік және феодалдық құрылысқа сай келеді және үш түрде көрінеді:

Дәстүрлі саяси мәдениет пен қатар, буржуазияға дейінгі дәуір қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениеті секілді саяси бөлігі саяси процестерге қатысудан толық шет теледі. Тарихта бұл саяси мәдениеттің екі түрі болды: кейбір гре халқының, республикалық Римнің және ортағасырлық Италия қалаларының патриципандық мәдениеті, сондай-ақ дворяндық саяси мәдениет болды. Буржуазиялық саяси мәдениетінің екі түрін: демократиялық және автократиялық мәдениет түрін бөлді.
Бірінші түрі, өз кезегінде, кертартпа-либералдық және либералды-демократиялық екі түрде болады. Саяси мәдениеттің автократиялық түрі демократиялық түрді өзінше теріске шығару болып табылады және екі түрде: авторитарлық әрі тоталитарлық мәдениет түрінде көрінеді. Социалистік саяси мәдениет жұмысшы табының идеологиясы ретінде марксизмімнің пайда болуына байланысты еді, ол іс жүзінде тоталитарлық саяси жүйенің көрінісіне айналды, саяси процестің субъектілері ретінде бұқараның бастамасын тәркі етті.
Саяси мәдениеттердің қоғамда билік жүргізу сипатымен байланысына негізделген оның саяси жүйесін келесі жікке бөлу: демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениет. Демократиялық саяси мәдениет үшін шынайы демократиялық құндылықтар мен мұраттарға, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, саясатқа еркін қатысуға, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы пікір алуандылығына, адам құқықтарының басымдылығына және т.с.с. бағдарлану сипатты болды. Авторитарлы саяси мәдениет үшін мынадай басымдылықтар: мемлекеттің айқындаушы рөлі, қоғамда бір саяси партияның болды сипатты келеді,мемлекеттің мүдделері жеке адамның, әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем болады. "Біріңғай идеология", "саяси тәртіп", "саяси билік" құндылықтар ретінде танылады. Тоталитарлық саяси мәдениет адамның санасына мінез-құлықтың қатаң идеология қандырылған таптаурын қағидаларын, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекет бағыттауындағы және бақылауындағы нысандарын мойындау мен саяси шынайылық деп дәлелдеуге ұмтылады. Ол үшін көпшіліктің саяси селқостығы мен әлеуметтік үрейге, оңды өзгерістер мүмкіндігіне сенбеушілікке негізделген пайдакүнемдік ырымшылдық сипаты болады.
Саяси мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот орган¬дары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің қалыптасуын қатаң қадағалайды. Айталық, республиканың туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғам¬дық ұйымдар, әсіресе партиялар да қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір олардың биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсат¬ты түрде қатысушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі. Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер де қатысады. Мәселен, бұрынғы Пруссияның, Алманияның, тіпті оның бергі жағында бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдениетінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Саяси мәдениеттің жалпы міндеті – белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлес¬тіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қапесов Н. «Саясаттану».

  2. «Саяси түсіндірме сөздік». – Алматы.

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет