Орындаған: Болатбекова А. Б. Тексерген: Сәдуақас Н.Ә. Ақтөбе, 2023 жыл Жоспар



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі19,73 Kb.
#137591
1   2   3
Сөздіктің орны

М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты кітабында түркі тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды түсіндіріледі. Аталған еңбекте түрік әліппесінің ерекшелігі де талданған. Үндестік заңы, үндестік заңына сәйкес қосымшалардың, жалғаулықтардың үндесуіне қатысты қағидалар түзеді. Көне түркі әліппесінің кескіндерін түсіріп көрсетеді. «Диуани лұғат ат-түрктің» қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген әліпби бойынша тұңғыш рет транскрипциялық мәтіні жасалды. Әрине, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері ескерілді. «Диуани лұғат ат-түрк» - түркі тілдерінің бірінші салыстырмалы сөздігі және ең әуелгі филологиялық зерттеу. Себебі М.Қашқари түркітану ғылымының негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы филологы. Ол түрік тілін тек арабтарға ғана емес, бүкіл өзге ұлт өкілдеріне үйретуді, танытуды, тіпті сүйгізуді көксейді. Түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем түспейтінін, түркілердің де жер бетіндегі халықтардың ең бір тектісі, тәңір сүйер жақсы қасиеттерге толы ұлы халық екендігін дәлелдеуге тырысады. М.Қашқари - бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал «Диуан» - түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының сарқылмас қайнар көзі.
Энциклопедиялық мәні бар М.Қашқаридың еңбегінде түркі тайпаларының тілдері тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жүйеленді. Сөздікте «у» әрпінің өзі қатарындағы дыбыстардың әсерімен «жуан, жіңішке» әуенде оқылып, айтылатыны ескерілген, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес кей тұстарда қазақ әліппесіндегі «ұ» әрпімен жарыстыра қолданылған. Әрине, барлық жерде бірдей «ұ» болып оқылуы мүмкін емес. Сондайақ, бірыңғай «у» әрпі де сәтті шыға бермейді. Осы жерде түркі тілінің өзіндік үндестік ерекшеліктері деген жайдың шығатыны айдан анық. Яғни, қатарындағы дыбыстардың әсері ескерілуі шарт. Осыған ұқсас «ы-і» әріптері де қатар жарыстыра қолданылды. Қазақ әліппесіндегі «ы» әрпінің латынша, қазақша транскрипциялауда еркін қолданылуы сол заңдылықтан. Махмұт Қашқари «һ» әрпін түркі тіліне жат әріп деп санаған. Оны қолдануды мойындамаған. «Түркі сөздігі» қазіргі қазақ тілінің де ерекшеліктерін, мол шығармашылық мүмкіндіктерін, көркемдік мағыналық мәнін тереңдеп біле түсуге жол ашатын құнды еңбек. Түркі тілдеріне қатысты сан қырлы қорытындылар мен ережелер, ортақ заңдылықтар қазақ тіліне де тән. Сөздікте соның бәрі жете талданып, жеткілікті көрініс тапқан.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Махмұд_Қашқари

  2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. Алматы, «Ана тілі», 1993. - 243 б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет