Орындаған: Дандибаева : Б. О тексерген



бет17/17
Дата05.03.2022
өлшемі77,36 Kb.
#27111
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
2Психология 2апта

Ассоциативтік психология - Батыс ғалымдары (Ньютон мен Джон Локк) ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациалық қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек ғұламалары да қарастырған. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене үрдістерінің жиынтығы атқаратын қызмет аспаппен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделеді. А.п. - психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы.

Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейінде тұңғыш рет көтеріп дәріптеген ағылшын дәрігері Гартли (1705 жылы - 1757 жылы). Ол психикалық үрдістердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді.

Гартлидің "Адамдарды бақылау" деген еңбегі (1749 жылы) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамашысы болды. Бұл еңбегінде ол көптеген психикалық үрдістерді жүйке жүйесінің толқуымен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге әрекеттенді. Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтады. Оның зерттеулері - санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. XVII-XIX ғасырлар аралығында рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778-1820), Джеймс Милль(1778-1830), Дж.Ст.Милль(1806-1873) сияқты зерттеушілер қолдады.

Олардың көзқарастары бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша бөлшектер алғашқыда, ал күрделі психикалық құрылымдар - елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалық үрдістер арқылы құралады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе арқылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекіді. Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады. Г.Гельмгольц(1821-1849) ассоциацияның жасалуын сезім мүшесі қызметі деп санаса, ал Ч.Дарвин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді. Орыс физиологы И.М.Сеченов(1829-1905) ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спенсер(1820-1903) оны психиканың филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы психика дамуы мінез-құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді. XIX ғасыр 80-90 жылдарында Г.Эббингауз(1850-1909), Г.Мюллер(1850-1934) тәрізді басқа да психологтардың еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл тұжырым одан да әрі дамытылды.

Психологияның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи ғылыми негізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек арты. А.п. негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Сөйтіп, өз алдына дербес бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыттың материалистік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологиялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм принципін ендіруді көздеді.Ал XX ғасырда А.п. механикалық бағытты ұстанған бихеворизммен ұштасты. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді.[1]

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет