Бүл - әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадір-қасиетін көздің қарашығындай сақтай білуінен, қажетті жерінде бүл үшін жанын пида етуден көрінетін қасиет.
Қазақ халқы өзінің үлы мен қызын қаршадайынан намысқойлыққа баулып, Отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен, "арым жанымның садағасы"- деп, ар-намысты бәрінен де жоғары бағалаған.
Мағжан Жүмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындагы Баян батырдың інісі Ноян жастық пен махаббаттың сезім күшін ақылға жеңдіре алмай, қолға түтқын болып түскен кызбен бірге қалмақ еліне қашып кеткенін білесіздер. Ағайын-туысқандарының "елін сатып кетті" деген бір ауыз сөзі намысына тиген Баян батыр оларды қуып жетіп, елтіреді ғой. Кешегі Үлы Отан соғысы кезінде өз үлтының намысын қызғыштай қорыған қазақ жауынгерлері қаншама! Атақты Бауыржан Момышүлы, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаевтың намыс сезімі қандай жоғары деңгейде болғаны белгілі. Осы соғыста жүзге жуық қазақ жауынгерлерінің Совет Одағының Батыры атағын алуы да үлттық намысқойлығымыздың белгісі емес пе? Қазақ халқының арғы-бергі тарихынан мүндай мысалды көптеп табуға болады. Мәселен, 1986 жылғы 17—18 желтоқсанда қазақ жастары жүрек әмірімен үлттық намысты қорғап, халқымыздың ардагер үлы Дінмүхамед Қонаев (1912-1993) жүмыстан алынғанда оның орнына қазақстанның басшысы қазақ үлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап қойған жоқ па? Осынау әділетті талап-тілек аяққа тапталып, арты қанды қырғынға үласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына қол жүмсап жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің анайы ісіне шыдай алмаған Қайрат Рысқүлбеков, жігіттік намыспен арашаға түскені үшін аяусыз жазаланып, өмірін қиды. Ол өлімге қасқая қарсы қарап түрып, тергеушілер алдында басын имеді. Оның "Атам десең атыңдар, Еркек тоқты қүрбандық"- деген сөзі кейін нақылға айналып, үлт намысын қозғаудың тамаша үраны болды. Қайраттың осынау жүректілігі үрпақтан-ұрпаққа үлгі боларлық, ұлттық намысты жанынан артық бағалаудың тамаша үлгісі. Қазіргі нарықтық қыспақ кезінде өз халқының тілін, тегін білмейтін, ұлттық намыс деген ұғым есіне кіріп те шықпайтын, халықтық салт-дәстүрге, әдет-ғүрыпқа пысқырып қарап, өз " үстаздарының" қолдауымен, сауда-саттық, алыпсатарлықпен байып, доллар жинап, байлықтың буына семіргендерде үлттық намыс жағы жетпей жатады. Олар халқымыздың бүкіл әлемге дербестігін әйгілейтін ата Заңы мен көк байрағын, теңгесі мен ән үранындағы "Жаралған намыстан қаһарман халықпыз!" деген тіркесті, жүректен жарып шыққан үлы сөздің мән-мағынасын ойлап та жатпайды. Ертеректе қазақ ауылындағы бір адамның жасаған ағаттық ісіне бүкіл ауыл-аймақ намыстанатын еді. Ауылдың бір үрысы немесе тентегі бүзақылық жасаса оның жазасын бүкіл ел болып мойындап, төлемін төлеп отыратын. Билер сөзінде, ақын-жыраулар тағылымдары мен айтыс, термелерде, тіпті күйеу мен балдыз әзілінде де жігіт намысына тиетін оғаш істер сын елегіне ерекше алынып отырған-ды.
Өз үрпағын ата-баба рухында төрбиелеп, үлттық намысты ту етіп үстаған халқымыз "қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс елтіреді" дегенді үнемі еске салып келді. Қазақ жесірін өгейсітпеген, жетімін шеттетпеген аса бауырмал халық. Қазірде туған жүртының әдет-ғүрпынан, дәстүр-салтынан бейхабар кейбіреулер имандылықтан мәңгүрттікке қарай бет алуда. Ал, мейірімсіздік пен қатыгездік сондайлардан шығады. Үлтымыз арақ ішімдігін "һарам" деп, оны тоғыз жаудың (жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, суайттық, өсекшілдік, мақтаншақтық, бөспелік) біріне жатқызған ғой. Қазіргі кезде сырахана мен дүңгіршектердің айналасынан1 шықпайтын қазақтың кейбір үл-қыздарына көз түскенде, жігерің қүм болып, санаң сарсылып олардың осынау қылықтары үлттық намысқа тиіп, зығырданымыз қайнап жүрген жоқ па?