Бүл - халқымыздың үлттық психологиясының өзегі, имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. Әрине, "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы", "Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа" дегендей, әдептіліктің әр елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері де болғандығы белгілі. Ал, қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, үлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды. Онда релятивизм, абсолютизм, антитеза дегендер кездеспейді.
Әдеп сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел-жүртта қалыптасқан мінез-қүлық нормаларын бүзбауға міндеттейді. Мүны бүзған қауымдастық атынан сол үжымның өкілі өз пікірін айтуға, тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені әдеп сақтау — әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Табиғаттың әсемдігі мен сүлулығына, әдемілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көкті жүлу, аққуды ату, қүдыққа түкіру - барып
түрған әдепсіздік. Әдеп сақтау - мінез-қүлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың өзіндік мінез-қүлық кодексі. Осы ереже бүзылса, халыктық дәстүр де бүзылады, үлттық намысқа нүқсан келеді. Әдеп сақтау - халықтық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп, еріксіз бағыну емес, бүл ата дәстүрді қүрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершілік борышты өтеу. "Әдептілік - әдемілік" дейді халық. Әдептілік: ізеттілік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
От басындағы әдептілікті де олеуметтік қарым-қатынастың негізі ретінде, әр адам қатаң қадағалап, бүзуға жол бермей, оны қалыптасқан ереже деп түсінуі қажет. Талап қою, әдептіліктің орындалуын талап ету - бүкіл қазақ жүртының, оның мың-мыңдаған әулеттерінің қастерлі міндеті.