Халқымыздың жайсаң психологиясын аса биіктен көрсететін үлттық ерекшеліктерінің бірі - суырып салма шешендік. Бейнелі, астарлы, түспалдап айтатын шешендік сөзге аса үйір халық екендігіміз жайлы ғүлама-ғалым Шоқан Уәлиханов: "қазақ шешендікке қүмар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты жаны сүйеді" - деп, кезінде айтқан еді. Халқымыз "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады", "Жылы-жылы сейлесең, жылан іннен шығады" - деп, сөз қүдіретінің психологиялық астарын жақсы аңғарған. Шебер де, шешен сөйлей білу - адамның асыл қасиеттерінің бірі есептелініп, мүны олар өзгелерге психологиялық жағынан эсер етудің ерекше қүралы, тәсілі деп те санаған.
Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің салт-санасын, әдет-ғүрпын жетік білетін үшқыр ойлы, "орақ ауыз, от тілді, күміс көмей" болып келеді. Ол халқының бастан өткізген "тар жол, тайғақ кешулерін", арман-тілегін, мүң-зарын, омірлік қүндылықтарын бірер тіркеспен "мірдің оғындай", "тайға таңба басқандай" етіп, яғни "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін" айтады. Халқымыздың осынау тамаша қасиетін кезінде тіпті бізге оң қабақпен қарамайтындар да көре білген. Мәселен, неміс саяхатшысы А. Брем (1829-1884): "Қазақтар соз онеріне жетік келеді. Бүл қасиет жүрттың бөріне де: оқыған білімділерге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет" десе, шығыстанушы П.М. Мелиоранский (1868-1906): "Қазақтар шешен, әрі өдемі сойлеудің шебері"... дейді. Ал, коне түркі жазбаларын зерттеген С.Е. Малов (1890-1957) осы ойды ормен қарай былайша жалғастырады: "Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл — қазақ тілі". Қазақтар озінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен даңқты. Расында да, батыр Бауыржан ағамыз айтқандай, біздің туған тіліміз - озінің откірлігімен "бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйені жандырып, қүлақ қүрышын қандырып, үғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді тіл" емес пе? Осындай аса бай тілі бар халықтың шешен болмасқа қандай дәті бар?
Бір коргенін жазбай танып, ілезде жаттап ала коятын, оз ойын екінші жеңіл де жедел түсіндіре алатын осынау қарапайым халықтың асқан зеректігіне қазақ даласында болған шетжүрттықтар ауыздарының суы қүрып, қайран қалып отырған ғой. Олар қыр халқының, сондай-ақ ыстық-суыққа аса шыдамдылығын, қиыншылыққа төзімділігін айтудан жалықпаған. Мәселен, поляк зиялысы А. Янушкевич (1803-1857) жөнінде былай деп жазыпты:
"Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің кереметтігіне барған сайын менің көзім жетуде. Сөздері қандай жеңіл!. Әр қайсысы айтайын деген ойын түсіндіруге де, қарсыласының дәлеліне бірден тойтарыс беруге де керемет шебер". Осынау үлттық тамаша қасиетімізден қазіргідей тіл жүтаңдығына кезіккен алмағайып заманда, айырылып қалмай, оның түтас көлемін көздің қарашығындай сақтай алмасақ — бүдан үлттық намысқа нүқсан келетіні хақ. Олай болса, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін туған тілімізді ардақтап, оның қадір-қасиетін мақтан түтып, соның көсегесін көгерту жолында жатпай-түрмай әрекет етуіміз қажет.