ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Реферат Мамандығы: Арнайы педагогика: Логопедия Пән: Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру Тақырып: Инклюзивт білім берудегі мектеп медиациясы
Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім 1. Мектеп медияциясының пайда болуы туралы 2. Мектеп медиациясының ерекшеліктері. 3. III Қортынды Пайдаланылған әдебиеттер. Әлем бойынша кең тараған медиация дауларды сотқа дейін реттеуді көздейтіні белгілі. Ал мектеп медиациясы ұғымы нені меңзейді? Халықаралық медиатор Татьяна Дронзинаның айтуынша, мектепте ата-ана мен мұғалім, мұғалім мен оқушы, басқа да мамандар арасында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Ал кейде олар тым шектен шығып жатады.
«Ең алғаш мектеп медиациясы 1980 жылдары АҚШ-та пайда болған. Менің ойымша, білім саласындағы кез келген маман мектеп медиациясы ұғымымен таныс болуы керек. Мамандардың айтуынша, әр мектепте бес-алты медиатор болғаны жөн. Олар мектептегі кикілжідерді шешетін болады», дейді Татьяна Дронзина.
Оның айтуынша, мектептегі медиация – кешенді әдістеме. «Оның мақсаты – балаға тәрбие беру, білім беру салаларында қауіпсіз орта қалыптастыру. Яғни, осы саладағы кез келген субъект арасындағы дауларды шешуге медиацияның осы түрі атсалысады», дейді сарапшы.
Татьяна Дронзина айтып өткендей, бұл әдіс тек мектептерде ғана қолданылмайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие, ЖОО, орта білім беретін мекемелер, қиын балалармен жұмыс істейтін орталықтар үшін, ата-аналар үшін де пайдалы.
«Бұл әдістеме балалардың үлкен өмірге аяқ басуына, үлкен әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне көмектеседі. Мектеп медиаторы ең алдымен білім беру саласында қызмет ететін адам болғаны жөн», дейді Дронзина.
Жиында белгілі болғандай, оларды дайындау модульді принцип бойынша белгілі бір бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте бұл мамандарды психолог немесе әлеуметтік педагогтардан қалай ажыратуға болады деген сұрақ туындары сөзсіз. «Мектеп медиаторы ретінде ұстаз да, педагог, психолог, әлеуметтік педагог та қызмет ете алады. Мектеп медиациясы осы мамандықтарды толықтырып тұр деуге болады. Оның негізгі қызметі - білім беру саласындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеу», дейді сарапшы.
Кездесу барысында саяси ғылымдар докторы медиацияның бұл түрі өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Сондықтан да оның болашақта кең тарайтынына сенім білдірген медиатор қазірден бастап медиацияның осы түрін назарға алу керектігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми даулардың жекелеген санаттары бойынша оларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережеге қол қойған болатын. Ал мектеп медиациясы Қазақстан тәжірибесіне әлі енгізіле қойған жоқ. 1. Медиация қақтығыстарды шешудің әдісі ретінде Медиация – бұл берілген қақтығыста үшінші бейтарап, әділ, мүдделі емес тараптың – медиатордың қатысуымен дауларды шешудің баламалы нысаны. Медиация – бұл дауды үшінші тараптың шешуін көздемейтін делдалдықтың ерекше түрі. Сәйкесінше, медиатордың басты міндеті тараптарға мүмкіндігінше тезірек өзара тиімді және өмірлік қабілетті шешімге келуге көмек көрсету болып табылады. Медиация келесі қағидаттарға сүйенеді: еріктілік, құпиялық, тараптардың тең құқықты болуы, медиатордың бейтараптылығы, сонымен қатар рәсімге кірісуді болдырмау. Медиация кімдікі дұрыс, кім кінәлі екендігін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді іздеуге бағытталған. Басқаша айтқанда, қақтығысқан екі тарап сотқа дейін оларды тыңдап, қолайлы шешім қабылдауға көмектесетін кәсіби делдалға жүгінеді. Медиация тек жеке құқықтық қатынастарға ғана таралады, ол бір тарабынан мемлекеттік ұйым қатысатын құқықтық қақтығыстарға қолданылмайды. Медиация сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға таралмайды. Медиатор – бұл құқық, психология, философия саласында белгілі бір білімдері мен икемділіктері бар, сонымен қатар шешен сөйлейтін және беделді адам. Ол ешқашанда сот пен дауласушылар арасындағы делдал болмайды, ешкімнің де мүддесін қорғамайды, қандай да бір түрдегі күш қолдануларды пайдаланбайды. Медиатордың ролі қақтығысқан екі тараптың бәтуаға келуіне көмектесу болып табылады. Медиатордың беделі оған жүгінетін клиенттердің мәселелерін шешудің тиімді жолдарын іздеу бойынша қызмет көрсететін қасиеттеріне негізделеді. Медиатор – дәстүрлі сот төрелігін шығарушы сотты алмастырмайды. Ол қақтығыстарды шешуде физикалық және заңды тұлғалар үшін анағұрлым аз шығынмен, психологиялық жағынан неғұрлым қолайлы баламалы жолын ұсынушы. Медиатор ешқандай шешім шығармайды. Сәйкесінше, тараптардың ерікті түрде жасаған келісімі қандай да бір тарапқа зиян келтіретін болуы мүмкін емес. Медиатордың қолында билік жоқ, сәйкесінше жемқорлыққа бармайды. Тағы бір маңызды аспект, медиация рәсімі 30 күн ішінде жүруі мүмкін, бұл сот үдерісіне қарағанда анағұрлым тезірек. «Медиация» термині mediatio латын тілінен шыққан – делдалдық дегенді білдіреді. Қазіргі таңда медиацияның көмегімен экономикалық, отбасылық, еңбек, тұлға аралық, мәдениет аралық және басқа да қақтығыстарды шешуге болады. 6 Медиация – бұл қатысушылар (қақтығысушы тараптар) өздерінің қақтығыстарын бейтарап үшінші тараптың (медиатор) көмегімен шешетін үдеріс. Медиация - бұл тұлғаға құрмет білдіру, өз еркімен қатысу және ерік білдіру, шешім қабылдау еркіндігі, барлық тараптарға тең құқық бере отырып, олардың мүдделерін қорғау және қанағаттандыру мүмкіндігі негіз болатын әдіс. Медиация дауды шешуде қақтығысқан тараптар даудың бітіміне әсер ету мүмкіндігінен айрылған, ал қақтығыста шешім қабылдау құқығы үшінші тұлғаға берілген кез келген директивті әдістеріне балама болады. Медиация рәсімі тараптардың бәтуалы шешімге келуіне бағдарланған. Бәтуаға негізделген шешім, бітімгершіліксіз шешімге қарағанда әрбір тараптың мүдделерін толығымен қанағаттандырады, сондықтан да тиімділігі жоғары болмақ. Медиатор сот емес, дауласушы тараптардың ешқайсының өкілі де емес, тергеуші де емес, прокурор да болмайды, тәрбиеші және кеңесші де емес. Медиатор – қақтығыстың мүмкін болатын шешімдері бойынша тараптардың арасында жүйелі диалог құруға көмектесуші және оларды тең дәрежеде қолдаушы бейтарап делдал. Медиатор тараптардың татуласуына немесе олардың шешім шығаруына жауапкершілік алмайды, себебі бұл – тараптардың жауапкершілігі. Медиатор адамдардың өздеріне ұсынылған жағдайдан шығу жолдарын түсінуіне және оларды қолдана ма, жоқ па - саналы таңдау жасауына жауап береді. Медиатор сонымен бірге кездесу барысында түсінісу мен келісімге келу үшін барынша қолайлы жағдай жасалуына жауап береді. 2. Мектеп медиациясының ерекшеліктері Мектеп медиациясы қызметінің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің толыққанды дамуы және әлеуметтенуі үшін, сонымен қатар заңға қайшы іс-әрекеттерді қоса алғандағы өмірлік қиын жағдайларда амансау, адамгершілікті және қауіпсіз кеңістік (орта) қалыптастыру болып табылады. Тұлғаның тиімді дамуы және әлеуметтенуі үшін әлеуметтік-қауіпсіз ортаның қалыптасу деңгейінің негізгі индикаторлары: - педагогикалық қызметкерлерге, сонымен қатар балаларға медиация негіздерін (медиативті көзқарас және «тең құқықтылар топтарындағы» жағымды қарым-қатынас технологиялары) оқыту арқылы білім беру үдерісінде туындайтын қақтығыстардың қатысушылары арасында деструктивті әсерді азайту; - балалар арасында агрессивті, зорлықшыл және әлеуметке қарсы көріністерді азайту; - кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың санын азайту; - бала дамуында қолайсыз траекторияның алдын алу үшін жағдайлар қалыптастыру; білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының әлеуметтік және қақтығыстық құзіретіліктерінің деңгейін арттыру. Мектеп медиациясы қызметінің негізгі міндеттері мыналар: 1. Қалпына келтіруші – жәбірленуші мен кінәлінің қоғамдағы статусын, олардың бір-бірімен және мектеп қауымдастығындағы қарым-қатынастарын қалпына келтіру; 2. Білім беруші – білім алушылар мен педагогтердің коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру; 3. Тәрбиешілік (рефлексия, дербестілік, өзіне жауапкершілік алу, болашақты жоспарлау, қарым-қатынастың құндылығын дамытуды ынталандыру); 4. Алдын алу (қақтығыстарды болдырмау). Мектеп медиациясын қолданудың өзіндік нақты шекаралары немесе шектеулері бар: - барлық қақтығыстарды осы әдіс арқылы шешуге болмайды; - балалар ересектер арасындағы (ата-аналар мен мұғалімдер, әкімшілік пен педагогтер және т.б.) қақтығыстарды шешпеуі тиіс. Мектеп медиациясы қызметінің құрылуы мен қызмет көрсетуі оның кураторына (жетекшісіне) байланысты. Мектеп медиациясының кураторы (жетекшісі) және медиаторлардың біліктіліктеріне мамандар келесі талаптарды қояды: - кураторлар қалпына келтіруші медиацияда өзіндік тәжірибесі бар тренерлерден сабақ алуы тиіс; - жылына кем дегенде бір рет кәсіби қауымдастықта өз жұмысының супервизиясын өтуі керек; - медиация қызметі туралы жаңартылған ақпараттық сайттарға еркін қол жетімді болуы; - қалпына келтіруші медиация бойынша семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына, конференцияларға қатысу мүмкіндігінің болуы. А.К. Бисембаева Мектеп медиациясының негіздері. Оқу құралы. – Қостанай: КГПИ, 2017.– 152 б. Оқу құралында мектеп медиациясы бойынша қажетті теориялық материалдар және қақтығыстарды шешу бойынша тәжірибелік жаттығулар, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, тестік тапсырмалар, глоссарий берілген. II бөлім. Мектеп медиациясы қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қажетті құжаттар тізімі: 1. Мектеп медиациясы қызметін құру туралы бұйрық. 8 2. Мектеп медиациясы қызметі туралы ереже. 3. Мектеп медиациясы қызметінің оқу жылына жұмыс жоспары. 4. Мектеп медиациясы қызметіне өтініш білдіруді тіркеу журналы. 5. Мектеп медиациясы қызметі жұмысының тиімділігі мониторингісі (жарты жылдық). 6. Мектеп медиациясы қызметінің жұмысын талдау (жылдық). 7. Медиацияны қолдану туралы келісім беру және дауды медиация арқылы реттеу туралы келісім. 8. Медиация бойынша педагогтер мен білім алушыларды оқыту бойынша оқу-тақырыптық жоспар және сабақтар кестесі. Анықтама үшін! 1. Оқу жылының басында әрбір білім беру ұйымында жауапты тұлғаның көрсетілуімен мектеп медиациясы қызметінің құрылуы туралы бұйрық шығарылуы тиіс. Мектеп медиациясы қызметінің оқу жылына жұмыс жоспары бекітілуі тиіс. 2. Мектеп медиациясы қызметін құру туралы мәселе тамыз педагогикалық кеңесінде, мектеп медиациясы қызметі туралы Ереже директор жанындағы кеңесте және сынып жетекшілерінің секциясында қаралуы тиіс. 3. Мектеп медиациясы туралы ереже қажеттілік бойынша немесе нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда қарастыруды талап ететін мектепішілік жергілікті акт болып табылады. 4. Білім беру ұйымының әкімшілігі ата-аналар қауымдастығының алдында мектеп медиациясы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ата-аналармен ақпараттық-түсіндірме жұмысы ата-аналар жиналысының хаттамаларында тіркеледі. Педагогикалық кеңесте немесе директор жанындағы кеңесте қаралады «__» ______ 20 __ж. №___ хаттама Мектеп директоры бекітеді_________ күні Мектеп медиациясы қызметі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы Ереже мектеп медиациясы қызметін құру және оның жұмысы туралы сұрақтарды реттейді. 1.2. Медиация қызметі білім беру ұйымдарында жанжалдарды шешуге және қалпына келтіру медиациясын дамытуға мүдделі білім беру үдерісінің педагогтары мен басқа да қатысушыларын біріктіретін білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 1.3. Медиация қызметі кәмелетке толмағандардың дауларына, жанжалдарына, құқыққа қарсы мінез-құлқына немесе құқық бұзушылықтарына ден қоюдың басқа тәсілдеріне балама болып табылады. Медиация ден қоюдың басым тәсілі болып табылады, яғни жанжал тараптарына бірінші кезекте медиация қызметіне жүгіну ұсынылады, ал олар бас тартқан немесе жанжалды келіссөздер мен медиация арқылы шешу мүмкін болмаған кезде білім беру ұйымы жанжалды шешудің басқа да тәсілдерін және/немесе ықпал ету шараларын қолдана алады. 1.4. Медиация қызметі өз жұмысын нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды, 23.03.2019 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен; - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV ҚРЗ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі 01.04.2019 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен; - «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы 19.07. 2019 ж.; - «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы; - Білім беру ұйымының жарғысы. 2. Медиация қызметінің мақсаттары мен міндеттері 2.1. Медиация қызметінің мақсаттары: 2.1.1. білім беру үдерісіне қатысушылар арасында даулар мен жанжалдарды шешудің өркениетті формаларын тарату (қалпына келтіру медиациясы, келіссөздер және басқа да тәсілдер); 2.1.2. қалпына келтіру медиациясының қағидаттары мен технологиясы негізінде даулар мен даулы жағдайларды шешуде білім беру үдерісіне қатысушыларға көмек көрсету; 2.1.3. білім беру ұйымдарында қалпына келтіру медиациясының қағидаттары мен технологиясы негізінде кәмелетке толмағандардың жанжалдарына, ісәрекеттеріне, құқыққа қарсы мінез-құлқына және құқық бұзушылықтарына баламалы ден қоюды қамтамасыз ету. 2.2. Медиация қызметінің міндеттері: 2.2.1. оқу-тәрбие үдерісіне медиативтік құзыреттілікті интеграциялау; 2.2.2. ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және білім беру үдерісіне қатысушыларды қалпына келтіру медиациясының миссиясы, қағидаттары мен технологиялары туралы хабардар ету. 3. Мектеп медиациясы қызметінің жұмыс қағидаттары 3.1. Мектеп медиациясы қызметінің жұмысы келесі қағидаттарға негізделген: 3.1.1. Қызмет жұмысын ұйымдастыруға педагогтардың ерікті түрде қатысуын, сондай-ақ жанжалға тартылған тараптардың медиативтік сессияға қатысуға міндетті келісімін көздейтін еріктілік қағидаты. Жанжал тараптары мен олардың заңды өкілдерін медиатормен алдын ала кездесуге жіберуге жол беріледі. 3.1.2. Медиация қызметінің бітімгершілік шартын қоспағанда, медиация үдерісінде алынған мәліметтерді жария етпеу міндеттемесін болжайтын құпиялылық қағидаты (кездесуге қатысушылармен келісім бойынша және олар қол қойған). Бұған дайындалып жатқан қылмыс туралы медиаторға белгілі болған ақпарат кірмейді. 10 3.1.3 Медиация қызметіне қандай да бір қақтығысқа қатысушының (оның ішінде әкімшіліктің) тарапын қабылдауға тыйым салатын бейтараптылық қағидаты. Бейтараптылық медиация қызметі қандай да бір тараптың кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені анықтамайды, ал тараптарға өз бетінше шешім табуға көмектесетін тәуелсіз делдал болып табылады дегенді білдіреді. Егер медиатор қатысушылардың біреуімен жеке қарым-қатынасқа байланысты бейтараптықты сақтай алмайтынын түсінсе, ол медиациядан бас тартуы немесе оны басқа медиаторға беруі тиіс. 4. Мектеп медиациясы қызметін құру тәртібі 4.1 Медиация қызметінің құрамына: - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; - әлеуметтік педагог; - педагог-психолог (психолог); - пән мұғалімдері, сынып жетекшілері кіреді. Мектеп медиациясы қызметінің сандық құрамы әкімшіліктің шешімі бойынша анықталады: 5-тен 9 адамға дейін. Қызмет құрамына ата-аналар қауымдастығының өкілдері, жоғары сынып оқушылары кіруі мүмкін. 4.2. Мектеп медиациясы қызметінің жетекшісі (кураторы) білім беру ұйымы директорының бұйрығымен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады. 5. Мектеп медиациясы қызметінің жұмысын ұйымдастыру 5.1 Мектеп медиациясы қызметіне білім беру ұйымының әкімшілігі медиаторларды жинауға және медиативтік сессияларды өткізуге арналған үйжай береді, сондай-ақ білім беру ұйымының өзге де ресурстарын (жабдықтар, ұйымдастыру техникасы, кеңсе заттары, ақпарат құралдары және басқалар) пайдалану мүмкіндігін береді. 5.2 Білім беру ұйымының лауазымды адамдары мектеп медиациясы қызметіне педагогтар, оқушылар (тәрбиеленушілер), ата-аналар арасында қызметтің жұмысы туралы ақпаратты таратуға жәрдемдеседі. 5.3 Егер тараптар медиативтік сессияны өткізуге келіскен жағдайда, осы қақтығысқа қатысушыларға қатысты әкімшілік санкцияларды қолдану тоқтатыла тұрады. Әкімшілік іс-әрекеттерді қайта бастау қажеттігі туралы шешім медиация қызметінің жұмыс нәтижелері және тараптардың қол жеткізген уағдаластықтары туралы ақпарат алынғаннан кейін қабылданады. 5.4 Білім беру ұйымының әкімшілігі мектеп медиациясы қызметі мүшелерінің медиаторлар қауымдастығының жиналыстарына, супервизияларға және олардың біліктілігін арттыруға қатысуын қолдайды. 5.5 Медиация қызметі әкімшіліктің қарауына білім беру ұйымдарында қақтығысты азайту жөнінде ұсыныстар енгізе алады. 6. Мектеп медиациясы қызметінің жұмыс тәртібі 6.1. Мектеп медиациясы қызметі педагогтардан, оқушылардан, білім беру ұйымының әкімшілігінен, медиация қызметінің мүшелерінен, ата-аналардан даулы немесе қылмыстық сипаттағы жағдайлар туралы ақпарат ала алады. 6.2 Мектеп медиациясы қызметі әрбір нақты жағдайда медиацияны қолдану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешімді дербес, оның 11 ішінде жанжал тараптарымен алдын ала кездесулер негізінде қабылдайды. Қажет болған жағдайда қабылданған шешім туралы білім беру ұйымының лауазымды тұлғалары хабардар етіледі. 6.3 Даулар мен даулы жағдайлардың медиабельділігін (медиабельность) анықтау кезінде медиация қызметіне қатысушылар қаралатын жағдайдың өлшемшарттарға сәйкестігін тексереді: - жанжал тараптары белгілі; - медиатормен кездесуге шақыру үшін даулы жағдайдың тараптарымен байланысуға мүмкіндік бар; - медиацияны жүргізу кезінде жанжалды жағдайдың тараптары алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүрмейді; - мектеп медиациясы қызметі мамандарының біліктілігі осы қақтығыс түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; - қызметтің жетекшісі мен медиаторлар медиатор мен қақтығыс тараптарының (физикалық және психологиялық) қауіпсіздігі кездесу барысында қамтамасыз етілетініне сенімді. 6.4 Тараптар медиацияны жүргізуге келіспеген жағдайда оларға психологиялық көмек немесе білім беру ұйымында бар басқа да жұмыс түрлері ұсынылуы мүмкін. 6.5 Балалар арасында медиацияны жүргізу үшін ата-аналардың жазбаша келісімі қажет. 6.6 Медиатор өзінің кәсіби стандарттары негізінде немесе біліктілігі жеткіліксіз немесе үдерістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда медиацияны жүргізуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда білім беру ұйымы басқа педагогикалық технологияларды пайдалана алады. 6.7 Медиация қызметі әрбір жеке жағдайда рәсімді өткізу мерзімі мен кезеңдерін дербес анықтайды. 6.8 Егер медиация барысында жанжал жасаушы тараптар келісімге келген жағдайда, қол жеткізілген нәтижелер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша Келісімде (бұдан әрі – Келісім) тіркеледі. 6.9 Қажет болған жағдайда медиация қызметі Келісімнің көшірмесін білім беру ұйымының әкімшілігіне береді. 6.10 Мектеп медиациясы қызметі келісімде тараптардың өзіне алған міндеттемелерін орындау тәсілін анықтауға көмектеседі, бірақ олардың орындалуына жауапты болмайды. Міндеттемелерді орындауда мәселелер туындаған кезде мектеп медиациясы қызметі тараптардың қосымша кездесулерін өткізіп, тараптарға қиындықтардың себептерін және оларды еңсеру жолдарын түсінуге көмектесе алады. 6.11 Мектеп медиациясы қызметінің жұмысы қызметтің ішкі құжаттары болып табылатын тіркеу журналына, есептерге және мониторингке тіркеледі. 6.12 Мектеп медиациясы қызметінің жетекшісі: - қызметтің жұмысын жоспарлайды; - білім беру ұйымдарында қалпына келтіру медиациясының қағидаттарын таратуға ықпал етеді; - мектеп медиациясы қызметінің мониторингісін қамтамасыз етеді. 12 6.13 Мектеп медиациясы қызметі жанжалдың қатысушыларына медиация рәсімін өткізу кезінде жоғары тұрған инстанцияларға, бұқаралық ақпарат құралдарына немесе сот органдарына жүгінуден қалыс қалуды ұсынады. 6.14 Білім беру ұйымының әкімшілігі мен мектеп медиациясы қызметі жетекшісінің келісімі бойынша медиаторлар педагогтер мен әкімшілік, атааналар мен олардың балалары арасындағы жанжалдар бойынша, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастардан туындаған отбасылық жанжалдар мен даулар бойынша, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ еңбек және отбасылық құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша медиацияны жүргізе алады, медиатордың қызметі және оның біліктілігі «Медиация туралы» ҚР Заңымен реттеледі. 7 Қорытынды ережелер 7.1 Ережеге өзгерістерді білім беру ұйымының директоры енгізілетін өзгерістер қалпына келтіру медиациясының стандарттарына қайшы келмейтін жағдайда, мектеп қызметінің, Қамқоршылық кеңесінің немесе атааналар қауымдастығының мүшелерінің ұсынысы бойынша енгізеді. 7.2. Мектеп медиациясы қызметіне өтініштерді тіркеу журналы: әрбір өтініш (1-нысан) компьютерде басылады, папкаға жиналады, оқу жылының соңында барлық материалдар тігіледі, сыртына мектеп директорының мөрі мен қолы қойылады. 7.3. Мектеп медиациясы қызметінің материалдары жүйеленіп, 5 жыл сақталады. Директор жанындағы кеңесте қаралады «__» ______ 20 __ж. №___ хаттама Мектеп директоры бекітеді _________ күні 20_-20_ оқу жылына мектеп медиациясы қызметінің жұмыс жоспары Мақсаты: кәмелетке толмағандардың табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау; мектеп ортасындағы қақтығыстық жағдайлардың алдын алу жүйесіне қалпына келтіру технологияларын іске асыру моделін енгізу арқылы даужанжалдың санын азайту. Міндеттері: - білім беру үдерісіне қатысушылар арасында даулар мен жанжалдарды шешудің өркениетті формаларын тарату (қалпына келтіру медиациясы, келіссөздер және басқа да тәсілдер); - оқушыларды (тәрбиеленушілерді) және білім беру үдерісінің басқа да қатысушыларын қақтығыстарды реттеудің өркениетті әдістеріне және жауапкершілікті сезінуге оқыту; - ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және білім беру үдерісіне қатысушыларды қалпына келтіру медиациясының миссиясы, қағид даттарын таратуға ықпал етеді; - мектеп медиациясы қызметінің мониторингісін қамтамасыз етеді. 12 6.13 Мектеп медиациясы қызметі жанжалдың қатысушыларына медиация рәсімін өткізу кезінде жоғары тұрған инстанцияларға, бұқаралық ақпарат құралдарына немесе сот органдарына жүгінуден қалыс қалуды ұсынады. 6.14 Білім беру ұйымының әкімшілігі мен мектеп медиациясы қызметі жетекшісінің келісімі бойынша медиаторлар педагогтер мен әкімшілік, атааналар мен олардың балалары арасындағы жанжалдар бойынша, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастардан туындаған отбасылық жанжалдар мен даулар бойынша, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ еңбек және отбасылық құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша медиацияны жүргізе алады, медиатордың қызметі және оның біліктілігі «Медиация туралы» ҚР Заңымен реттеледі. 7 Қорытынды ережелер 7.1 Ережеге өзгерістерді білім беру ұйымының директоры енгізілетін өзгерістер қалпына келтіру медиациясының стандарттарына қайшы келмейтін жағдайда, мектеп қызметінің, Қамқоршылық кеңесінің немесе атааналар қауымдастығының мүшелерінің ұсынысы бойынша енгізеді. 7.2. Мектеп медиациясы қызметіне өтініштерді тіркеу журналы: әрбір өтініш (1-нысан) компьютерде басылады, папкаға жиналады, оқу жылының соңында барлық материалдар тігіледі, сыртына мектеп директорының мөрі мен қолы қойылады. 7.3. Мектеп медиациясы қызметінің материалдары жүйеленіп, 5 жыл сақталады. Директор жанындағы кеңесте қаралады «__» ______ 20 __ж. №___ хаттама Мектеп директоры бекітеді _________ күні 20_-20_ оқу жылына мектеп медиациясы қызметінің жұмыс жоспары Мақсаты: кәмелетке толмағандардың табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау; мектеп ортасындағы қақтығыстық жағдайлардың алдын алу жүйесіне қалпына келтіру технологияларын іске асыру моделін енгізу арқылы даужанжалдың санын азайту. Міндеттері: - білім беру үдерісіне қатысушылар арасында даулар мен жанжалдарды шешудің өркениетті формаларын тарату (қалпына келтіру медиациясы, келіссөздер және басқа да тәсілдер); - оқушыларды (тәрбиеленушілерді) және білім беру үдерісінің басқа да қатысушыларын қақтығыстарды реттеудің өркениетті әдістеріне және жауапкершілікті сезінуге оқыту; - ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және білім беру үдерісіне қатысушыларды қалпына келтіру медиациясының миссиясы, қағидаттары мен технологиясы туралы хабардар ету. 13 №
р/с Іс-шаралар Өткізу мерзімі Болжамды нәтижелер Жауапты Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету 1 Мектеп медиациясы қызметін құру: - жұмысты нормативтікқұқықтық қамтамасыз етуді зерделеу; - құрамын анықтау (педагогтар мен оқушылар); - Ережені бейімдеу және бекіту қыркүйек Мектеп медиациясы қызметін құру туралы бұйрық. Ережені бекіту 2 Мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу қыркүйек Бекітілген ЛН Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс 3 Оқу жылына жұмыс жоспары қыркүйек Жұмыс Жоспарының бекітілуі 4 Медиация мәселелері бойынша электрондық кітапхананы қалыптастыру оқу жылы бойы Электрондық кітапхананы қалыптастыру ММҚ мүшелері 5 Білім беру үдерісіне қатысушыларды (мұғалімдер, атааналар, оқушылар) мектеп медиациясы қызметінің міндеттері мен жұмысы туралы хабардар ету қазан Мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың ММҚ туралы ақпараттандырылуы ММҚ мүшелері 6 ММҚ қызметі туралы ақпараттықталдау есебі мамыр Ақпараттық-талдау есебі ММҚ жетекшісі Ағартушылық жұмыс 14 7 Мектеп сайтына ММҚ қызметі туралы ақпаратты орналастыру қазан Сайт беті 8 «Мектеп медиациясы қызметінің жұмысы» таныстыру семинарын ұйымдастыру және өткізу қазан ММҚ қызметі туралы білімді кеңейту 9 «Мектеп медиациясы қызметі» стендін ресімдеу қазан ММҚ жұмысы туралы ақпараттандыру ММҚ мүшелері 10 ММҚ қызметі туралы буклет жасау қараша Буклет 11 ММҚ-не мүше оқушыларды оқыту кесте бойынша ММҚ қызметі туралы білімнің кеңеюі 12 ММҚ-не мүше педагогтерді оқыту кесте бойынша ММҚ қызметі туралы білімнің кеңеюі Қалпына келтіру рәсімдерін іске асыру 13 Өтініштермен жұмыс қажеттілігіне қарай Жағдай туралы толық ақпарат ММҚ мүшелері 14 Қалпына келтіру рәсімі ұйымдастырылатын жағдай туралы ақпарат жинау қажеттілігіне қарай Жағдай туралы толық ақпарат ММҚ мүшелері 15 Құжаттарды талдау қажеттілігіне қарай Жағдай туралы толық ақпарат ММҚ мүшелері 16 Медиация рәсімдерін жүргізу қажеттілігіне қарай Даулы жағдайды реттеу туралы келісім ММҚ мүшелері 17 Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне, медиация мәселелері бойынша мамандарға кеңес беру қажеттілігіне қарай Ұсынымдар дайындау және беру, медиацияны жүргізуге атааналардың келісімін алу 18 Өткізілген медиацияны мамыр Мониторинг жүргізу ММҚ мүшелері 15 талқылау Кәсіби қауымдастық ішіндегі өзара іс-қимыл 19 Басқа медиация қызметтерінің мамандарымен кеңесу оқу жылы бойы Ақпаратты беру тетігін пысықтау ММҚ мүшелері 20 ММҚ бойынша аймақтық және облыстық деңгейде өткізілетін семинарларға қатысу оқу жылы бойы Ақпаратты беру тетігін пысықтау ММҚ мүшелері. Өткен тақырыптар бойынша тест үлгідегі тапсырма дайындау