Орындаған: Дүйсенбаева Жанар, Бисенбекова Айсұлу


Даму тарихы, маңызды миссиясы



бет3/4
Дата22.04.2023
өлшемі175,37 Kb.
#85738
1   2   3   4
Байланысты:
Макала

Даму тарихы, маңызды миссиясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.


Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің тұңғыш Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды.
2014 жылы бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары құрылды. Ассамблея қызметін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі тұрақты және жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді.
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.



    1. Қоғамдағы құзіреттілігі

Қазақстан халықтары Ассамблеясына конституциялық құқықтық мәртебенің берілуі бір жағынан “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” үшін үлкен мәртебе болғанымен, екінші жағынан оларға күрделі міндеттер жүктеліп отыр.
Қазіргі таңда “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметін реттейтін негізгі құқықтық құжаттардың қатарына Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті туралы заңы, “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” стратегиясын және де “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” туралы арнайы заңды жатқызуға болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазанда қабылданған заңға сәйкес “Қазақстан халқы Ассамблеясы” (бұдан әрі - Ассамблея) – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер [1, 2 б.].
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақстандық патриотизмді, ұлт бірлігін және ұлт аралық татуластықты сақтауға қызмет ету болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың ұйытқысы да және этносаралық келісімді қамтамасыз етуші құрылым.
Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде белгілі бір негізгі міндеттерді атқаратын ұйымға жатады. “Ассамблеяның негізгі міндеттері мыналар:

  • Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  • Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

  • Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  • Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады” [2, 2 б.].

Қазақстан халықтар Ассамблеясының қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;

  • мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

  • этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру;

  • демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

  • елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау;

  • этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспасөз қызметін жүзеге асыру;

  • этносаралық қатынастар жай-күйінің, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру;

  • мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларын қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;

  • шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарн нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;

  • этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;

  • этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;

  • этносаралық қақтығыстар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамлық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семнарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

  • этносаралық және конфессиаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

  • Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;

  • Этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет болып табылады” [3, 3 б.].

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің қызметін жүзеге асыру барысында адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығына, халық пен мемлекет мүддесіне және жариялық қағидаларына және дербес жауапкершілік негізіне сүйеніп, өзінің қызметін жүзеге асырып отырады. Бұл айтылғанның барлығы ассамблеяның қызметінің басты қағидаларын құрайды.
Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

  • этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;

  • ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындатуға;

  • ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;

  • мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол беремуге;

  • ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады” [5, 2-3 бб.].






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет