Орындаған: дкял-101 в тобы студенті Нұрланқызы Мөлдір Тексерген : Адильжанова Куралай Советхановна


Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру



бет2/7
Дата08.02.2023
өлшемі54,99 Kb.
#66262
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту – әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға міндетті.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік философияда интеграция - бұл қоғамның және оның жүйелеріне (сонын ішінде білім беру институттарының жүйелерін) қолдау көрсетіп дамытатын барлық қоғам мүшелері қатыса алатын таңдау құқығы бірдей мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қалыпты дамитын адамдардың өмірәрекетінде бірлескен болмысының формасы ретінде түсіндіріледі.
ХІХ ғасырда педагогика тарихында (1746-1827) И.Г.Пестолоцидің педагогикалық идеясымен европалық білім беру тәжірибесіне қалыпты балалалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқыту феноменінің енгізу (ол бастапқыдай «интеграция» термині сияқты аталмады) үлкен дайындықпен жүргізілді. Интегарция әлеуметтік-тұрмыстық формасы ретінде қарастырыла отырып қалыпты дамыған адам мен ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдардың бірдей әлеуметтік үрдіске, барлық білім беру сатыларына, күнделікті бос уақыттарына, жұмыстарына, әртүрлі әлеуметтік функциялар мен рөлдерді жүзеге асыруға тең құқылы екені барлық дамыған елдердің заңдарында заңды түрде бекітілген.
Педагогика терминінде «әлеуметтік интеграция» ХХ ғасырда пайда болған. Ол АҚШ-та нәсілдік, этникалық азшылықтардың мәселелерінде, кейіннен эмигрант балаларға және тек қана соңғы жиырма жылдықтарда (ХХ ғасырдың 60 жылдары) мүмкіндіктері шектеулі балалардың мәселелер контексінде қолданыла бастады.
Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балалардың қалыпты дамыған балалардан, яғни қоғамдық ортадан шектелмейтіндей білім беру жүйесін құру керек екенін айтты. Ол арнайы мектептердің жетістіктерімен қоса негізігі кемшілігін көрсетті. Ол өздерінің тәрбиеленушілерін – естімейтін, көрмейтін немесе ақыл-ойы кем балалардың мектеп ұжымының ішінде тұйықталған ортаны құрып, өз бойындағы жетіспеушілігіне көңіл аудартып, оның шынайы өмірге бейімделуіне кедергі келтіреді. Арнайы мектеп ауытқуы бар балаларды бөлектенген ортадан шығарудың орынан, керісінше балада оңашалануға ұмтылу дағдыларын дамытады. Сол себептен Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеудің міндетті - баланы өмірге кіріктірудің немесе бойындағы ауытқуды компенсациялаудың басқа да жолдарын іздестіру керек деп есептеді. Л.С.Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда болатын сапалық өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға бейімдеу заңдылықтарына сүйене отырып шешуге болады дейді. Өйткені мұндай заңдылық қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалардың дамуында бірдей. Сондықтанда ол компенсацияны биологиялық тұрғыдан емес, әлеуметтік аспектіде алады. Осыған орай Л.С.Выготский ең бірінші интеграциялық білім беруді енгізді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру жүйесінде оқытудың технологиялары мен әдістерін мұғалімдерге арнайы курстар өткізу арқылы дайындық сапаларын жоғарлату қажет. Бұл мәселені неміс педагогы 1829 жылы Фридрих Х.К. Шварц «Үш томдық тәрбие теориясы» еңбектерінде жазды: «Естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларға арналған жақсы арнайы мекемелер бар және оның дәл осы уақытта алға ұмтылудың басты қадамы олардың жетістіктерін дәстүрлі мектептерге қоса отырып жандандыру». Сол уақыттарда естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру мектептерінде арнайы дайындалған мамандар жұмыс жасаса, онда арнайы мектеп-интернатынан қарағанда көп шығынға түспейді деген болжамдар жасалған.
Еуропа елдерінде ақыл-ойы кем балаларды жалпы дәстүрлі мектептерге (кедейлерге арналған мектеп) біріктірудің бірнеше факторлары болды. Шет елдердің педагогикасында интеграция - бұл экономикалық, әдістемелік, дидактикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы үрдістерімен қамтамасыз етілуімен және қолдау көрсетуімен қалыпты дамыған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп өмір сүруі мен білім алу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Педагогика ғылымында интеграция ұғымына мынадай сипаттама береді: «Әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігінің ерекшелігіне және ортақ коммуникативтік кеңістігіне қарамастан барлық балалар бірдей деңгейде білім алады, ойнайды, жұмыс жасайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жас өспірімдердің бірлескен білім беру процесіне белсенді қатысуы мен жетік дамуы үшін арнайы шарттар ұйымдастырылады».
Интеграцияның жаңа формасы тек ХХ-ғасырдың екінші жартысында шет елдерде пайда бола бастады. ХХ ғасырдағы технологиялық және ақпараттық революцияның 70 жылдардың либеральды-демократиялық реформалармен сәйкес келуі экономикалық жағдаятты көтеруге мүмкіндік туғызып, жалпылама, арнайы, гуманитарлық инновациялық теория мен технологиялық идея ретінде педагогикаға енуіне, сонымен қатар білім беру жүйесіне экономикалық және интерактивтік тұғырында тәжірибелік және теория ретінде енгізіп жүзеге асыру.
Экономикалық, технологиялық және ақпараттық мүмкіндіктері дамыған Европа, Япония, АҚШ елдерінде инклюзивті білім берудің пайда болуымен оны жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. Демек, оларда арнайы білім беру жүйесінің болуымен, жалпы білім беру мекемелеріне арнайы білім беру жүйесін енгізу, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға максималды қолжетерліктей қалалық инфроқұрылымын құруға мүмкіндіктері бар екенін сөзсіз айтуға болады. 1975 жылы АҚШ мемлекетті барлық анамольды балалардың «интеграциялық білім алуы» туралы Заң қабылданды. Бұл өте ұзақ және күрделі үрдіс болды. Демек, қоғамның оңашаланған (сегрецияланған) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамға енгізуін мойындау мен қолдау. Демократиялық тенденцияның әрі қарай бұл бағыт бойынша дамуы тек интеграциялық идеяны ғана емес сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға қарасты өзекті мәселелерді және «ортақ топта» (mainstriming) оқытуға бағытталған арнайы білім беруге сәйкес интеграциялық үрдістің дамуына септігін тигізді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында еуропаның басқа елдерінде де білім беруге интеграциялық жүйені енгізу өзекті мәселе болып табылды. Демек, жалпы мектепке арнайы мектептегі ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңайлықпен көшіру және әкімшілік шешімдердің әдістерімен нормаланған және интеграцияланған білім беру бағдарламасы бір күннің ішінде енгізілмейтіні айқындалды.
Ал инклюзивті білім беру – әлеуметтік қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудағы білім беру шарттарын ұсыну және қол жетерлік сапалы білім алу. Сонымен қатар автор екі модельдің мақсатқа жетудің әдістері мен айырмашылықтарын ерекшелеген. Бірлесіп оқыту ұжым шартына сәйкес дамуында ауытқуы бар бала мен мұғалімнің (негізгі немесе көмекші) нақтыланған жұмыс жасауы.
Дегенімен, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытуды білдірудің синонимі ретінде мамандардың жиі қолданатын «инклюзивті білім беру» мен «интеграциялық оқытудың» мәнді айырмашылықтары бар. Инклюзивті білім беру мен интеграциялық оқытудың айырмашылықтарының критерилерін отандық зерттеушілері де Р.А.Сүлейменова, А.А.Байтурсынова анықтап көрсетті.
Авторлар интеграциялық оқытудың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру жүйесінің аумағында әлеуметтік және білім алуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Ал әр баланың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сапалы білім алу және әлеуметтік мұқтаждығын қамтамасыз ету – инклюзивті білім беру жүйесіне жүктеледі. Авторлар сондай-ақ екі модельдің мақсатына жетуде қолданылатын амал-тәсілдерінің де айырмашылықтарын көрсеткен. Біріктіріп оқыту – мұғалімнің (негізгі немесе көмекші мектеп) дамуында ауытқуы бар балалармен ұжым жағдайында нақты жұмыс жасау.
Интеграциялық оқытуда - қалыпты деңгейде дамыған балалардың деңгейіне арналған оқу бағдарламасын меңгере алатын мүмкіндігі шектеулі балалар топтарын таңдап алынатын стратегия болып табылады.
Инклюзивті оқыту – оқу мекемелерінің құрылымы мен оқу бағдарламасының балалар деңгейіне қарай өзгертуді талап етеді. Инклюзивті білім беруді енгізу – мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, білім беру ортасына бейімделуге және тосқауылдарды жоюға септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет