Реферат Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асырудағы жаппай мектептің немесе балабақшаның психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің рөлі
Орындаған: ДКЯЛ-101 В тобы студенті Нұрланқызы Мөлдір
Тексерген : Адильжанова Куралай Советхановна
Жоспар Кіріспе
1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
2.Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы
3.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы коррекциялық қолдаудың заманауи жүйесі
4.Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар.5
5.Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудгі мектептің және балабақшаның рөлі
Кіріспе Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар.
«Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
«Қоғамға қауіп төңдіретін» модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы «бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.