Орындаған: дкял-101 в тобы студенті Нұрланқызы Мөлдір Тексерген : Адильжанова Куралай Советхановна



бет4/7
Дата08.02.2023
өлшемі54,99 Kb.
#66262
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7

Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы ай- туда. (Д.Митчелл – профессор, Жаңа Зеландия, 1997ж.) Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық сая- саты дәл осы инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді. Дегенмен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты барлық мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады. Тәжірибені біздің елімізде оқыту 2000 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға базалық білім беруге көмек» Қазақстан Респулбикасының Үкіметі және ЮНЕСКО-мен бірігіп САТР Орталығымен Пилотты жобаны жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі орнықты енді. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымының өзгеруі, БҰҰ дүниежүзілік құқықтық құжаттарымен сәйкес қоғамды демократияландыруға бағытталған іс-шаралар өткізу мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде балаларға білім беруіне мемлекет пен қоғамның қатынасы жаңа ұстанымның қалыптасуына ықпал етті. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің радикалдық өзгеруіне бағытталған. Оның расталуы соңғы жылдары еліміздің Үкіметімен мүгедектер мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін білім беруге тең құқылықты кепілдемелікті қарастыратын халықаралық нормаларға сай республикамызда білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық актілер мен бірқатар заңдардың қабылдануы болып табылады. Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігін құруға көшуі БҰҰ Де- кларациясында, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында бекітілген тұлғаның құндылықтары туралы адамгершілік идеяларымен сәйкес педагогикалық білім беру мазмұнын жаңартуды қажет ететіндігін ескертеді. Әсіресе бұл мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін модернизациялау барлық балалардың сапалы, мек- тепке дейінгі білім берумен қамту сұранысын көрсететін, жаңа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ҚР МЖБС 1. 001 – 2001, бағдарламаларын енгізумен қарастырылады. Ұлттық білім беру жүйесін жүзеге асыру кез-келген мектепке дейінгі ұйымда, мектепте, мүгедек-балалар мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі деп жорамалдайды. Бүгін де білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды түгелдей қосу аталып өтуде, сондықтан мектептік және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арнайы педагогтар мен біріктіріп оқытатын педагогтардың аса қажет екендігінен қауіптенеді. Ерекше назарды тәрбиешілер даярлауға аудару қажет, өйткені ол қалыпты топқа қарағанда инклюзивті топта балаларға одан да зор ықпалға иеленеді. Заманауи тәрбиешіге инклюзивті топпен тиімді жұмыс істеу үшін қосымша құзіреттіліктер қажет: балаға байқау жүргізуді, оның дамуының жеке жоспарын түзете білу; балалармен әріптестік дағдыларын меңгеру: ұйымдастыруға көмек көрсете оты- рып, олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасай отырып ойындық өзара әрекетін дамытуға белгісіз бола отырып балаларға көмектесу; мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, сонымен қатар балалардың бірлескен ойын әрекетіне жағдай жасайтын әртүрлі, «мазмұнды» пәндік орта құра білу; Ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру кез- келген ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл – әркім өз әрекетінің қажеттігі мен қатыстылығын сезіне білетін шын мәніндегі инклюзивті қоғам құруға қажетті шарт. Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа да жағдайларына тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда әкелуге және оның толық қанды мүшесі болуға мүмкіндік беруге міндеттіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет