Орындаған: Әбденса Іңкәр бт 301 Қабылдаған: Мархаба Ә



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі1,98 Mb.
#129708
  1   2   3   4
Байланысты:
Мадениет 9апта СЕМИНАР инкар 13

Орындаған: Әбденса Іңкәр БТ_301

Қабылдаған: Мархаба Ә.


Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі.

Түркі мәдениеті

  • Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
  • Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.

Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мә­дениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәде­ни дәстүрлерімен өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән. Сонымен бірге, номадтардың жалпыадамзат өркениетіне қосқан нақты үлесі көбіне елене бер­мейді, бірақ нақ сол көшпелілер әскер тегін (қару-жарақ, ат әбзелдері), мал шаруашылығын, ою-өрнек өнерін дамытуда нағыз револю­циялық жаңалықтар енгізді. Түркі мәдениетінің көптеген элементтерін Еуропаның да, сондай-ақ Азияның да егін шаруашылығымен айна­лысатын отырықшы халықтарының өздеріне сіңіргені таңқаларлық жәйт емес.

  • Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мә­дениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәде­ни дәстүрлерімен өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән. Сонымен бірге, номадтардың жалпыадамзат өркениетіне қосқан нақты үлесі көбіне елене бер­мейді, бірақ нақ сол көшпелілер әскер тегін (қару-жарақ, ат әбзелдері), мал шаруашылығын, ою-өрнек өнерін дамытуда нағыз револю­циялық жаңалықтар енгізді. Түркі мәдениетінің көптеген элементтерін Еуропаның да, сондай-ақ Азияның да егін шаруашылығымен айна­лысатын отырықшы халықтарының өздеріне сіңіргені таңқаларлық жәйт емес.
  • Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет